Адамзат білгісі келетін қарапайым 5 сұрақ

Адамзат білгісі келетін қарапайым 5 сұрақ
Фото: goodnewsanimal.ru
Көпшілікке XXI ғасырда ғылым бәрін білетін секілді көрінеді. Адамзат таңғаларлық жаңалықтар ашылып жатыр. Адамдар Марсқа көшуді жоспарлады. Ғалым-инженерлер адамның орнын басатын роботтар ойлап тапты. Уақыт өте адамдар ғана емес, заттар да, яғни аяқ киімдер, тоңазытқыштар, телефондар бәрі "ақылды" болып бара жатыр. Алайда осыған қарамастан, ғалымдар жауап бере алмайтын қарапайым сұрақтар да бар.

Мысықтар неге пырылдайды?
Мысық түрлерінің көпшілігі пырылдайды. Үй мысықтарын алатын болсақ, олар әртүрлі жағдайларда пырылдай береді: балаларын тамақтандырғанда, өзін адам сипағанда, қарындары ашқанда және қорыққанда да пырылдайды. Мысықтар бақытты және бақытсыз жағдайда да пырылдайды. Ғалымдар әзірге мысықтар не үшін құрылдауық дыбыс шығаратындығын түсіндіре алмады. Осы сұраққа қатысты тұжырымдама бар. Бұл дыбыс сүйек жарақатының жазыла бастауына және сіңірге көмектеседі. Үй мысығының пырылдау жиілігі 25-150 Гц аралығын қамтиды. Ал бұл аралықтағы дыбыстар сүйек тінінің тығыздығын жақсартады. Алайда бұл тұжырымдама мысықтар не үшін әртүрлі жағдайда пырылдайтындығын түсіндірмейді.

Велосипед қалай жұмыс істейді?

Велосипед біздің өмірімізге XIX ғасырда келген. Оның дизайны соңғы 200 жылда соншалықты өзгермеді. Оның екі дөңгелегі, жалғап тұрған тіреуі, бағыттайтын тұтқасы бар. Алайда ғалымдар велосипедтің неге құламайтынын және оның жүруіне не ықпал ететінін түсіндіре алмады. Ұзақ жылдар бойы велосипед екі дөңгелекте гироскопиялық эффект негізінде тұрады деп айтылып келді. Яғни велосипед құлайтын кезде алдыңғы дөңгелек автоматты түрде бұрылады. Алайда 2011 жылы Корнелл университетінің ғалымдары бұл теорияны жоққа шығарып, велосипедтің жаңа үлгісін ұсынды. Ол өзі сырғанайтын құрылғыға ұқсас болды. Оның құрылысында велосипедтегідей құлатпайтын әрекет болмады. Оған қарамастан бұл үлгі де тепе-теңдікті жақсы ұстайтын болды. 

Найзағай неге жарқылдайды?
Біз жауын неден болатынын білеміз. Бұлттардың үстінде оң заряд, астында теріс заряд жиналады. Осы бір-біріне қарсы зарядтар арасында электрлік тартылыс болады. Сонымен қатар жер бетіндегі теріс және оң зарядтар арасындағы тартылыс соншалықты қатты болғаннан, ауа кедергісінен өтіп, электр қуатын найзағай түрінде шығарады. Алайда ғалымдарды қарсы зарядтар бұлттардың не үшін екі жағында болатындығы ойландырады. Теория бойынша, бұлттың ішіндегі мұз бөлшектері соқтығысқанда, олар ұсақ оң зарядтарға және ірі теріс зарядтарға бөлінеді. Тартылыс күші теріс зарядталған бөлшектерді төменге, ал оң зарядталған бөлшектерді жоғарыға тартады. Нәтижесінде, теңгерімсіздік орын алады. 

Не үшін ұсақ көбелектер жарыққа жиналады?
Біз бұл құбылысты жиі көретіндіктен, соншалықты қызығушылық білдірмейміз. Ал ғалымдар жәндіктердің бұл әрекетін әлі де толықтай зерттеп бітірмеді. Теориялардың бірі бойынша, ұсақ көбелектердің жарыққа бағытталуын навигация ерекшеліктерімен түсіндіреді. Ғалымдар оны көлденең бағдар (жануарлардың қандай да бір бұрышпен ынтаға бағытталуы) деп атайды. Көбелектер ай жарығынан компас секілді бағыт алады. Ұшу жолын айдың сәулелеріне перпендикуляр бағыттайды. Алайда бұл теорияға қарсы ғалымдар, от жағу рәсімі бар 400 мың жыл бойы барлық көбелек өліп қалар еді дейді. Сонымен қатар, зерттеушілер айтуынша, көбелектер көлденең бағдарды қолдана алмайды. Себебі, олар қоныс аударып жүреді. 

Адамдар неге оңқай және солақай деп бөлінеді?
Шамамен адамдардың оннан бір бөлігі оң қолына қарағанда сол қолымен әлдеқайда жақсы әрекет етеді. Не үшін кейбір адамдар солақай болатынын ешкім білмейді. Оңқай деп те не үшін бөлінетіндігін ешкім түсіндіре алмайды. Не үшін адамдар екі қолымен де бірдей әрекет ете алмайды? Теория бойынша, орындаушы қолға адамның сөйлеуіне жауап беретін мидың бөлігі әсер етеді. Көпшілік адамда оң қолдың жақсы жұмыс жасау себебі: сөйлеу орталығы адам денесінің оң жағына жауап беретін сол жақ жартышарында орналасқан. Ал енді сөйлеу орталығы не үшін көп жағдайда сол жақ жартышарында орналасқандығы белгісіз. Одан басқа бұл теория не үшін кейбір солақай адамдардың сөйлеу орталықтары оң жақта емес сол жақ жартышарда орналасқанын түсіндіре алмайды.

А. Жапатова