Жұмысынан ләззат алатын кәсіп иелері

Жұмысынан ләззат алатын кәсіп иелері
Фото: voxpopuli.kz

Британ экономисі профессор Пол Долан ең бақытты кәсіп иелерін анықтады. Бағбандар мен гүл өсірушілер (87%) өз ісін сүйіспеншілікпен, еш шаршамастан атқаратындар көшін  бастап тұр.

Мақтанып айтуға тұрарлық жұмыс істейтіндер мен жалақысы шашынан көп қызметкерлерге қарағанда өзінің қарапайым ісінен ләззат алып, барды қанағат ететіндер бақыттырақ.

Бақытты қызметкерлер тізімінде екінші орыннан көрінгендер – шаштараздар мен бет әрлеушілер (79%). Олар той-жиындарға барарда бізге әдемі шаш үлгісін жасап, өңімізге өзгеріс енгізіп, көңіл-күйімізді көтергенде өз істеріне өздері риза болып, нәпақа табумен қатар ләззат алады екен.

Одан кейін тізім былай жалғасады:

– Сантехниктер (санитарлық техника жөніндегі маман) (76%),

Маркетологтар мен PR-шылар (75%),

– Ғалымдар (69%),

– Демалыс және туризм істері төңірегінде еңбек ететін қызметкерлер (67%),

Құрылысшылар (66%),

Бас дәрігер және тіс дәрігері (65%),

Қорғаушы (адвокат) (64%),

–  Сәулетші, мейірбике (62%),

– Жастармен және балалармен жұмыс істейтін қызметкер (60%),

Мұғалім (59%),

–  Есепші (58%),

–  Көлік ұстасы (автослесарь) (57%),

–  Электрші (55%),

–  IT және байланыс төңірегіндегі қызметкерлер (48%),

– Тұлғалық менеджер 54%),

–  Банк қызметкері (44%).

Адам алғашында табылған, бұйырған жұмысқа бас сұғып алатыны белгілі. Ары қарай өзіне қандай іс лайық екенін өмір көрсетеді. Дегенмен адам айналысып жүрген ісін жақсы көретініне өзін сендірсе, қай қызметтен болса да бақыт табуға болады.

Қарны тоқ, жұмысы жоқ адам азып-тозып кетерін ескерген кісі, шұғылданатын тірлігі барына шүкірлік етіп, өмірдің әр сәтіне қуана біледі. Кемшіліксіз кәсіп болмас, жұмысыңыздың жақсы жақтарын ғана көре біліңіздер!

@. @assel_assanova