«Оңай» электрондық жол жүру билеті туралы

«Оңай» электрондық жол жүру билеті туралы
Фото: tengrinews.kz

«Оңай» электрондық билет беру жүйесі қолданысқа ене бастады. Алайда әлі де түсіне алмай, дел-сал боп жүргендер көп. «Оңай» бірыңғай көлік картасын қолға алсаңыз, қалай қолдану, қалай төлем жасау керектігі анық түсіндіріліп жазылған.

Картаны қалай аламыз? Егер қарапайым тұрғын болсаңыз, яғни сізге 80 теңгелік жол жүру картасы керек болса, аялдамаға жақын жерлерден, автобус, темір жол вокзалдары, метрополитен кассаларынан 400 теңгеге сатып аласыз.

Ал егер оқушы, студент, яғни 40 теңгелік төлеммен жүретін тұрғын болсаңыз, сізге картаны оқу орныңыз береді. Онда бұрынғы жол жүру билеті секілді суретіңіз, аты-жөніңіз жазылады. Бұл картаны сатып алмайсыз, тегін беріледі. Тек өзіңіз шотыңызды толтырып отырасыз.

Қазір карталар еліміздің бірқатар оқу орындарына кезекпен дайындалып жатыр. Қаңтар айына дейін барлық оқу орындарына таратылып беріледі.

 

Төлегенімізді қалай тексереді? Арнайы қызметкерлер картаны өзінің терминалына салып, төлем жасалған-жасалмағанын көреді. Жасалмаған болса, әдеттегідей айыппұл салынады.

Карта қолға тиген соң жаныңыздан тастамауыңыз қажет. Үйде ұмыт қалдырып, жол ақысын төлемеген жағдайда, (барлық валидаторлар алынып, аталмыш жүйеге толық көшкен сәттен бастап) айыппұл төлейсіз.

@. @assel_assanova