Жұлдыз жорамал: 21.09.2015 - 27.09.2015

Жұлдыз жорамал: 21.09.2015 - 27.09.2015
Фото: rudaki.ru

Адам баласын алға жетелейтін ұлы күш бар. Ол - арман. Арманыңыздан ешуақытта бас тартпаңыз. Оған жету үшін бар күшіңізді салыңыз. Өмірдің бір-ақ рет берілетінін ұмытпаңыз. 

Тоқты

Бастапқыда көп қиындық көрсеңіз де, соңына қарай барлығы түзеледі. Алғашқы күндерінде алдыңызға алып мақсаттар қойып, оны орындау үшін барынша тырысасыз. Қиындықтар сізді тоқтата алмайды. Табандылығыңыздың арқасында көп жетістікке жетесіз. Басқа адамдар қол қусырып қарап отыратын жерде сіз батылдық танытасыз.

Торпақ

Тау мен тасты қопарып, мақсатыңызға жылдам жеткіңіз келеді. Бұл қасиетіңізді мақтан тұтуға болады. Өкінішке орай, қолыңыздан ешнәрсе келмейді. Аптаның бастапқы бөлігінде көп қиындыққа ұрынасыз. Барлығын тастап, кетіп қалғыңыз келетін сәттер болады. Алайда аптаның екінші бөлігінде барлығы қалпына келеді.

Егіздер

Айналаңыздағы адамдарға зер салыңыз. Сіздің көңіл-күйіңіз тікелей сол адамдарға байланысты. Өйткені сіз өзгелердің пікіріне тәуелдісіз. Осындайда жаныңызда сенім артуға болатын адам болғаны жақсы. Ал қалғандарымен байланысты үзгеніңіз дұрыс.

Шаян

Ешуақытта маңызды жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз. Аптаның бірінші бөлігінде жолыңыз болады, ал екіншісінде басқа біреудің жолы болады. Сізді біреулер әлін білмей әлек болып жүр деп ойлауы мүмкін. Олардың сөзін тыңдамаңыз. Өкінішке орай, аптаның екінші бөлігінде көп кедергіге тап боласыз. Әріптестеріңізбен ренжісесіз.

Арыстан

Ешкімге соқтықпаңыз және сөзіңіздің дұрыстығын дәлелдеп әуре болмаңыз. Өзіңізді ғана жеңуге тырысыңыз. Аптаның алғашқы бөлгінде көп қиындыққа тап болып, ашуланып жүресіз. Осылайша әріптестеріңізбен, сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз бұзылады. Ал аптаның екінші бөлігінде қызықты жұмыстар пайда болады. Олармен қуана-қуана айналысатын боласыз.

Бикеш

Аптаның алғашқы бөлігінде көп қиындыққа тап боласыз. Қызметте, қаржы мәселесінде біраз қиындық туындайды. Әріптестеріңіз сізді басып озуы мүмкін. Мұнымен қатар, жақсы өзгерістер де жоқ емес. Өміріңізге өзгеріс енгізуден қорықпаңыз. Барлығы ойдағыдай болады.

Таразы

Кез келген нәрсенің жақсы-жаман тұстары болады. Сол секілді қиындықтың да пайдасы бар. Дағдырыс болып жатқан кезде жұмыстан артық ешнәрсе жоқ екені белгілі. Алайда отбасыңызға да көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Аптаның ортасында маңдай теріңізбен жиған ақшаңызды босқа шашасыз.

Сарышаян

Арам ойдан арылу үшін жақсы нәрселер туралы ғана ойлаңыз. Келесі аптада барлығы ойдағыдай болады. Біреу сізді түкке тұрғысыз жұмыстармен айналысып жүр деп ойлауы мүмкін. Олардың сөзіне сенбеңіз.

Мерген

Аптаның алғашқы бөлігі көңілді өтеді. Мотивация жоқ болғандықтан, мақсаттарыңыз жүзеге аспай қалады. Өкінішке орай, аптаның ортасында бәрінен көңіліңіз қалады. Жүйкеңіз жұқарып, туысқандарыңызбен ренжісесіз. Сүйіктіңізбен сөзіңіз жараспай қиналасыз.

Тауешкі

Босқа уайымдап, жүйкеңізді жұқартпаңыз. Мұның еш пайдасы жоқ. Дәл қазір қиналып жүрсіз. Бірақ мақсаттарыңызды айқындап алсаңыз, сізден бақытта адам болмайды.

Суқұйғыш

Өзгелердің жетегіне еріп, ырқына көнбеңіз. Аз уақыт аялдасаңыз, барлығы сіз ойлағандай болады. Көп еңбектенген сайын, жолыңыз болмайды. Аптаның екінші бөлігін күтіңіз. Сол кезде барлығы ойдағыдай жүзеге асып, бақыттан басыңыз айналады.

Балықтар

Біреуді өзгерткіңіз келсе, өзіңізден бастаңыз. Өйткені басқа бір адамды өзгерту өте қиын. Апта ішінде көп қиындықтар болады. Қатты ашуланасыз. Айналаңыздағылар сізді ренжітеді. Бірақ барлығы тек өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. 

Қ. Бүйенбай