Жуа иісінен құтылайық

Жуа иісінен құтылайық
Фото: econet.ru

Тамақ пісіргеннен кейін немесе басқа жайларда жуаның иісі қолымызға сіңіп қалады да сумен қанша жусақ та иісі кетпей, жүректі айнытады. Қолымызға жуа, сарымсақ иісі сіңіп қалған жағдайда қалай кетіреміз? Сонымен төмендегі тәсілдерге назар аударайық.

1. Бір шай қасық тұзды алып, қолымызға себеміз. Үстіне ептеген суық су құямызда уқалап қолымызға жағамыз. Ол бөгде иісті кетірумен қатар қолды жұмсарта түседі. Бұл көмектеспесе, тұз орнына секер не ас содасын қолданып көріңіз.

2. Қолыңызды кемінде бес минут қызанақ шырынына батырыңыз. Одан соң сабынмен суық суда қолыңызды шайыңыз. Ең бастысы қызанақ шырынының жарамдылық мерзімін өтіп кетпегенін қадағалаңыз.

3. Лимонның кішкене бөлігін кесіп, шырыны шыққанша алақаныңызға үйкелеңіз. Қолыңыздан жуаның орнына лимонның аңқыған иісі шығып тұратын болады. Бұл әдіс көмектеспей жатса, лимон емес сірке қышқылын қолданып көріңіз.

4. Саусақтарымызды скотчпен орап, жарты сағат ұстаймыз. Одан кейін жуаның иісі түгелімен кетеді.

5. Қолыңызға жаңғақ майын жақсаңыз қолыңыз аздап майланады. Алайда, кейінгі кезекте жаңғақтың иісі сіңеді. Десекте жаңғақ майының иісі жылдам әрі оңай кетеді.

6. Қолыңызға тіс пастасын жағыңыз. Қолыңыз жалбыз иісі аңқитын болады.

@. @assel_assanova