Жұлдыз жорамал. 22.06.2015 - 28.06.2015

Жұлдыз жорамал. 22.06.2015 - 28.06.2015
Фото: rudaki.ru

Төрт жылда бір рет болатын Юпитер мен Уранның арасындағы байланыстың арқасында адамдар бойында оптимистік қасиет артады. Сезімтал адамдар бойында тұнып жатқан ерекше қасиеттерін ашуы мүмкін.

 

Тоқты

Аптаның алғашқы бөлігінде көп қыдырмауға кеңес береміз. Себебі осы уақыт аралығында екіжүзді адаммен жолығуыңыз мүмкін. Ал аптаның екінші бөлігі романтикаға толы болады. Мұнымен қатар, өнер мен шығармашылыққа деген құштарлығыңыз артады. Қаласаңыз, сүйікті әншіңіздің концертіне, ұнатқан әртісіңіздің қойылымына барыңыз.

Торпақ

Аптаның алғашқы бөлігінде қаржыға байланысты қиындықтар болады. Мысалы, үйге қажет техниканы сындырып, оны жөндету үшін көп ақша төлеуіңіз мүмкін. Демалыс күндері үйіңізге көп қонақ келеді. Оларды құшақ жая қарсы алуды ұмытпаңыз.

Егіздер

Әлін жетік білмей әлек болады. Өзіңіздің «құныңызды» түсіресіз. Бұл біліктілігіңізге баға берген басшыңызбен байланысты болуы мүмкін. Өзіңіз түсінбейтін оқиғаларға тап болып, сүрінесіз. Ал аптаның екінші бөлігі бейтаныс адамдармен тіл табысып, саяхаттау үшін қолайлы болмақ.

Шаян

Біреу атыңызға дақ келтіруі мүмкін болғандықтан, түсініксіз жағдайлардан сақтаныңыз. Майда-шүйде қиындықтарға мән бермеңіз. Бұдан өзге көлікте абай болыңыз. Жол жүру ережелеріне мұқият болыңыз. Ал аптаның келесі бөлігінде қаржы мәселесіне байланысты қиындықтарды реттейсіз.

Арыстан

Жұлдыздар аптаның алғашқы бөлігінде той-томалаққа бармауға кеңес береді. Барған жерде досыңыз немесе жақын құрбыңыз алдауы мүмкін. Ең маңызды сәтте қате таңдау жасайсыз. Бұдан өзге дене жарақатын алу деңгейі жоғары болып тұр. Екінші аптада мерейіңіз үстем болады десек те болады. Мысалы, шашыңызды қидыру арқылы тартымдырақ көріне аласыз.

Бикеш

Қандай істі қолға алсаңыз да, барлығына қиналу арқылы ғана қол жеткізесіз. Бұл мансап пен серіктестікке қатысты айтылуда. Басшылық ақылға сыймайтын талаптар қойып, орындалуы тиіс жұмыстың мерзімін қысқартады. Жалғыз қалу арқылы ойыңызды жинақтап, танымыңызды кеңейтесіз.

Таразы

Заң қызметкерлерімен сөзге келуіңіз мүмкін. Бұл өзінің жеке көлігі бар адамдарға қатысты айтылуда. Мұнымен қатар, сізді әділетсіз айыптайды. Сол себепті осы аптада қоғамдық көлікпен көбірек жол жүруге тырысыңыз. Демалыс күндері ойнатылатын лоторея билетін сатып алыңыз. Жолыңыз әбден болуы мүмкін. Армандарыңыз өздігінен орындалады.

Сарышаян

Аптаның алғашқы бөлігінде сүйіктілерімен қарым-қатынастарына сызат түседі. Оны орынсыз қызғанып, сатқындық жасадың деп айыптайсыз. Қаржы мәселесін реттеуде алданып қалудан сақтаныңыз. Аптаның екінші бөлігінде мансапқұмар жандардың жолы болып, қызметте дәрежесі жоғарылайды. Демалыс күндері мақсатыңызға бір табан жақындата түсетін жаңалық естисіз.

Мерген

Сүйіктіңізге сенім артпағаныңыз жөн. Ол өз кезегінде ата-анасымен ренжісіп, шешімді дұрыс қабылдауға қауқары жетпейтін болады. Ақшаңызды қимасаңыз да, мейрамханаға тамақтанып, өнер мен шығармашылыққа көбірек көңіл бөліңіз. Шетелге саяхаттауға барған кезде, өмірлік жарыңызды жолықтырасыз.

Тауешкі

Ағзаңыз әлсіреп, түрлі вирустық инффекцияға шалдығасыз. Ауа райына сай киім киіп, суықтап қалудан сақтаныңыз. Дәл қазір қорықпастан несие алып, қалаған затыңызға қол жеткізуіңізге болады.

Суқұйғыш

Барлық ақшасын құртып, қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Жұлдыздар ұстамдылық танытып, ақшаңызды сенімді жерге сақтап қоюға кеңес береді. Мұнымен қатар, сүйген адамыңызға тым қымбат сыйлық алып, ақшасыз қалуыңыз мүмкін. Сүйіктіңіз қамқорлық танытып, сыйлайтын болады. Оған қайта ғашық болғандай күй кешіп, қарым-қатынастарыңыз жандана түседі.

Балықтар

Отбасы мүшелерімен, таныстарымен қарым-қатынасы қиындай түседі. Мұның барлығы тәуелсіздікті қатты аңсағандығыңызбен байланысты болуы мүмкін. Дәл қазір өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағдарлай алмай жүрсіз. Денсаулығыңызға мән беріп, медициналық тексеруден тұрақты түрде өтуді ұмытпаңыз.

Қ. Бүйенбай