Жұлдыз жорамал: 13.04.2015 - 19.04.2015

Жұлдыз жорамал: 13.04.2015 - 19.04.2015

Осы аптада Шолпан мен Сатурн арасындағы байланыста ақаулар көрініс табады. Осының салдарынан адамдардың қалағаны орындалмай, көп кедергіге жолығады. Ақылдың көмегіне жүгінудің орнына ашуға бой алдырады.

Тоқты

Аптаның алғашқы бөлігінде саяхаттау кезінде таңғажайып оқиғалардың куәсі болады. Бұл әсіресе өз көлігімен жол жүруді ұнататын жандарға қатысты айтылып жатыр. Жол қауіпсіздік ережесін бұзып, тәртіп сақшыларының назарына ілігесіз. Айыппұл салынып, қалтаңыз айтарлықтай жұқарады. Махаббат мәселесінде түсініспеушілікпен бетпе-бет жүздесесіз. Аталған қиындық әлеуметтік-тұрмыстық жағдайыңыздың төмен болуымен байланысты болады.

Торпақ

Аптаның алғашқы бөлігіндегі қиындықтар ақша мәселесіне қатысты туындайды. Көптен бері алуды аңсап, ақша жинап жүрген затыңыз қымбаттап кетуі мүмкін. Бұл әшекейлер мен сәнді киімдерге қатысты. Мұнымен қатар, банк сізге несие беруден бас тартады. Инфекциялық ауруға шалдығасыз. Ал аптаның екінші бөлігінде жүрегіңізге жақын адамдармен көңілді кеш өткізесіз. Өкінішке орай, отбасылық өмірде көп қиындық туындайды.

Егіздер

Аптаның алғашқы бөлігінде сүйіктісімен сөзі жарасып, арадағы қиындықтарының барлығын өткереді. Сүйіктіңіздің қырсық мінезін оған бой ұсыну арқылы жеңе аласыз. Ал аптаның екінші бөлігінде мансап жолында ілгерілейсіз. Қандай жағдай болмасын, басшылықпен араңызда тығыз байланыс орнағанын сезінесіз. Жаңа таныстармен сырласуға асықпаңыз. Саяхаттамағаныңыз да жөн.

Шаян

Өзіңізді жіпсіз байланған жандай сезінесіз. Қалғаныңызды жүзеге асыра алмай дал боласыз. Мұның барлығы жайсыз көңіл күйіңізбен, төсек тартып ауыратыныңызбен байланысты болады. Өзіңізге деген сенімсіздік пайда болады. Ал аптаның екінші бөлігінде ақыл-парасат деңгейіңіз айтарлықтай өседі. Жұлдыздар осы апта ішінде той-томалаққа бармауға кеңес береді.

Арыстан

Апта бойы достарымен де, сүйіктісімен де сөзі жараспай әбігерге түседі. Сүйіктіңіз көңіл көтеретін жерлерге жібермей қоюы да ғажап емес. Сізді бақылағысы келеді. Бұл қызғанышымен, сізге деген сезімімен байланысты болса керек. Нәтижесінде екі оттың арасында қалып, қиын таңдау жасауыңызға тура келеді. Барлығын тағдырдың еншісіне бергеніңіз жөн. Әзірге белсенділік танытудан сақтаныңыз.

Бикеш

Бикештер отбасында да, қызметте де қиындыққа тап болады. Жұмысқа уақытыңызды көбірек арнауыңызға тура келеді. Осылайша отбасыңызға ойдағыдай көңіл бөле алмай қаласыз. Керісінше жасайтын болсаңыз, басшылықтың берген тапсырмасын орындап үлгермеуіңіз мүмкін. Егер барлығы ойдағыдай болғанын қаласаңыз, бар күшіңізді сарп ете біліңіз.

Таразы

Аптаның алғашқы бөлігінде оқуға байланысты қиындықтар туындайды. ЖОО студенттері сабаққа уақытылы дайындалып үлгермейді. Өзіңіз үлгі тұтатын адамнан көңіліңіз қалады. Зиянды әдеттерінен арылғысы келгендер үшін аптаның екінші бөлігі таптырмас уақыт болады. Өкінішке орай, бала күніңізден достасып келе жатқан жандардан алыстай түсесіз.

Сарышаян

Қаржы жетіспеушілігі көңілдеріне қаяу түсіреді. Ақша сіз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын басты құрал болғандықтан, пессимизмге бой алдырасыз. Мұнымен қатар, күш-қуатыңыздың төмендегенін байқайсыз. Демалысқа уақытты көп жұмсайсыз. Аптаның екінші бөлігі - шығармашылақпен, махаббатқа таптырмас уақыт. Ал қызметте айтарлықтай жолыңыз болмайды. Сол себепті жұмыс орныңызды алмастырмай қоя тұрғаныңыз жөн.

Мерген

Сүйіктісімен сөз таластырып, қыңыр мінез танытады. Қуанышыңызға орай, сүйіктіңіз сіздің айтқаныңызға көніп, түсіністікпен қарайды. Жұлдыздар аздап иілуге кеңес береді. Егер бұрынғыдай жалғастыра беретін болсаңыз, араларыңыз суып кетеді. Ал аптаның екінші бөлігінде ренжісіп жүрген ағайындарыңызбен татуласасыздар. Тұрмысқа байланысты қиындықтар оңай реттеліп отырады. Алыс елге саяхаттамай қоя тұрғаныңыз абзал.

Тауешкі

Аптаның алғашқы бөлігінде кез келген істі білек сыбана қолға алатын болады. Айналаңызда тәртіп орнатып, барлығын ретке келтіруге ұмтыласыз. Алайда осының салдарынан жүйкеңіз жұқаруы мүмкін. Деніңіз сау болсын десеңіз, жұмыс пен демалысты кезектестіріп үйренгеніңіз жөн. Мәселелеріңізді таныстарыңыз арқылы оңай шешіп отырасыз. Ең бастысы, осы апта ішінде өмірлік жарыңызды жолықтыруыңыз мүмкін. Күрес секілді спорт түрлерінен әзірге бас тарта тұрғаныңыз дұрыс.

Суқұйғыш

Сүйіктісі бар суқұйғыштарға жұлдыздар аптаның алғашқы бөлігінде достарымен кездеспей тұра тұруға кеңес береді. Ғашығыңыз бірінші орында болуы тиіс. Дәл қазір – ұжымдық жұмыстардан бас тартып, жеке шығармашылықпен айналысатын уақыт. Ал аптаның екінші бөлігінде қаржыға байланысты қиындықтарыңызды реттегеніңіз жөн. Қосымша табыс көзі пайда болып, қалаған затыңызды сатып аласыз. Жақындарыңызға түсіністікпен қарап, шыдамдылық таныта біліңіз.

Балықтар

Қызмет пен үйдің арасында жүгіруге мәжбүр болады. Қуанышыңызға орай, отбасыңыз сіздің жұмысбасты екеніңізге барынша түсіністікпен қарайды. Олардың қолдауының арқасында көп қиындықты оңай өткеріп отырасыз.

Күндеріңіз сәтті өтсін!

Сурет: rudaki.ru 

Қ. Бүйенбай