Жұлдыз жорамал: 30.03.2015 - 05.03.2015

Жұлдыз жорамал: 30.03.2015 - 05.03.2015

Жұлдыздар арасындағы тығыз байланыс түрлі салада жетістікке жетуге септігін тигізеді. Ал Күн мен Юпитер арасындағы байланыс жаңа мүмкіндіктердің тууына жол ашады. Дәл қазір – ең сәтті деген жобаларды қолға алатын уақыт.

Тоқты

Аптаның алғашқы бөлігінде тоқтылардың қалтасы қалыңдауы мүмкін. Сіз туысқандарыңыздан көмек немесе жұмысыңыздан алдын ала жалақы аласыз. Қандай жағдай болса да, көңіл күйіңіз көтеріледі. Ал аптаның ортасына қарай шығармашалық қабілетіңіз артады. Сізге сүйіктіңіз сыйлық беріп, көңіл білдіруі мүмкін.

Торпақ

Аптаның алғашқы бөлігінде торпақтар ерекше сүйкімділікке ие болады. Сыпайы мінездерінің арқасында көпшіліктің ықыласына бөленеді. Ұжым болып шешім қабылдайтын кезде, сіздің пікіріңізді міндетті түрде ескереді. Ал аптаның ортаңғы бөлігіне қарай жалғыз қалып, ой жинақтауға мүмкін болатындай жерге барыңыз.

Егіздер

Егіздер аптаның алғашқы бөлігінде маңызды сұрақтарға жауап іздеуге мәжбүр болады. Сәрсенбі күні нағыз достардың кім екенін анықтайсыз. Жаңа таныстықта, алыс сапарда жолыңыз болады. Барлық қиындығыңыз өздігінен шешім тауып отырады. Демалыс күндері буындарыңызды жарақаттап алуыңыз мүмкін. Сол себепті, спорттық жаттығулар жасаудан сақтаныңыз.

Шаян

Шаяндарды дүйсенбі, сейсенбі күндері көңілді кешке шақырады. Бұл – уақытты қызықты өткізуге таптырмас уақыт. Қызметте жоғарылап, жалақыңыз өсуі мүмкін. Өз еркіңізбен жаңа жұмыс орнын іздеуіңіз де ғажап емес. Аптаның ортасына қарай медициналық тексеруден өтуге кеңес береміз. Демалыс күндері сүйіктіңізге көңіл бөлуге тырысыңыз.

Арыстан

Мансап жолында жолдары болады. Беделді адамдармен оңай тіл табысатын боласыз. Аптаның ортасына қарай біліміңізді толықтыру қажеттілігін сезінуіңіз мүмкін. Демалыс күндері моншаға бармағаныңыз жөн. Жоғары температура денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді.

Бикеш

Романтикалық кездесуге барасыз. Ең жақсы деген үміткерлер сізге назар аударады. Аптаның ортасына қарай қиындықтар туындайды. Қиын-қыстау кезеңді басыңыздан өткересіз десек те болады. Қуанышыңызға орай, әрдайым сүттен ақ, судан таза болып шығасыз. Сүйіктіңізбен демалыс күндері тіл табысуларыңыз қиындайды.

Таразы

Денсаулықтары айтарлықтай жақсарады. Физикалық қиындықтарды оңай өткеретін боласыз. Жұлдыздар спорттық жаттығулармен айналысуға кеңес береді. Той-томалаққа шақырту аласыз. Отбасын құру туралы шешім қабылдайсыз. Демалыс күндері ата-анаңызбен ренжісуіңіз мүмкін.

Сарышаян

Дүйсенбі, сейсенбі күндері сарышаяндарды сүйіктісімен маңызды әңгіме күтеді. Қарым-қатынастарыңыз жақсы болғандықтан, кез келген мәселенің ортақ шешімін табасыздар. Үйіңізге тазалық жүргізген сайын, денсаулығыңыз да жақсара түседі.

Мерген

Денсаулығыңызды жақсартқыңыз келсе, бассейнге немесе фитнеске жазылыңыз. Бұл белсенділігіңізді арттырады. Аптаны толықтай махаббат пен шығармашылық мәселесіне арнайсыз десек те болады. 

Тауешкі

Айналаңыздағы адамдар сіздің айтқандарыңызға құлақ асатын болады. Отбасы мүшелерімен бұрын-соңды сөзіңіз жараспай жүрген болса, енді барлығы ретке келеді. Бір-бірлеріңізге түсіністікпен қарайтын боласыздар.

Суқұйғыш

Таныстарыңыз сізден көмек сұрап келуі мүмкін. Мұнымен қатар, үйіңізге өзіңіз күтпеген қонақтар келеді. Олардың бұл әрекетін тосын сый деп бағалауға болады. Достық, қызметтік қарым-қатынастарыңызды толықтай пайдалануға тырысыңыз. Демалыс күндері кездесу жоспарламағаныңыз жөн.

Балықтар

Аптаның алғашқы бөлігінде жоспарларыңыздың жүзеге асуына көмектесетін жақсы жаңалықтар естисіз. Ал жұлдыздар аптаның қалған бөлігін материалдық қиындықтарды шешуге бағыттауды ұсынады. Мұнымен қатар, тамақты дұрыс ішуге көңіл бөліңіз. Әйтпесе артық салмақ қосып алуыңыз мүмкін.

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай