Жұлдыз жорамал: 09.03.2015-15.03.2015

Жұлдыз жорамал: 09.03.2015-15.03.2015

Апта ішінде таңғажайып оқиғалар көп болады. Өкінішке орай, жұмыстың көптігі шешімді дұрыс қабылдауға кедергі жасайды. Ең оңай деген жұмыстарға қатысты да қиындықтар туындауы мүмкін. Ең бастысы, еш уақытта тайсалмаңыз.

Тоқты

Ойларына алғанының барлығын жүзеге асыруға уақыттары жетпей дал болады. Сол себепті, бұл аптада ісін дұрыс жоспарлауды үйренгендері жөн. Арыстан айға шабам деп мертігіпті демекші, әліңізді біліңіз. Аптаның соңына қарай бос уақытыңыз көп болады. Осы уақытты отбасыңызға, сүйіктіңізге арнап, арадағы қарым-қатынасты ретке келтіргеніңіз жөн. Романтикалық кездесу сізге жайлылық сыйлап, көңіл күйіңізді көтереді.

Торпақ

Өткен өміріңізге байланысты көп қиындық туындайды. Күтпеген оқыс жағдай болмаса да, жұмысыңыз көп болады. Алайда аптаның соңына қарай мансап жолында ілгерілейсіз, немесе жаңа жобаға ат салысуға шақырту аласыз. Бұл бойыңыздағы жауапкершілік сезімін арттырады. Ренжіскен адамдармен татуласуды ұмытпаңыз.

Егіздер

Аптаның алғашқы бөлігінде қатты қиналасыз. Бұл эмоционалдық тұрақсыздықпен байланысты болуы мүмкін. Нәтижесі қуанта қоймайтын көп жұмыс болады. Кішігірім жайсыздықтар оптимизм сезімінен айырады. Ең бастысы, мақсатыңыз туралы ұмытып кетпеңіз. Әйтпесе дұрыс бағыттан адасып қалуыңыз мүмкін. Ал отбасылық өмірде керісінше сізге қолдау көрсететін жандардың саны артады. Сынға дұрыс жауап қайыра алмай, біраз жанжал шығады.

Шаян

Осы апта ішінде табыстан гөрі шығын көп болады. Сол себепті, ақшаны үнемдеп жұмсаңыз. Апта ортасында өзгелер сіздің біліміңізді немесе өзіңізді пайдаланып кетулері мүмкін. Жақындарыңызбен қарым-қатынаста көп өзгеріс болмайды. Ғашық жандар уақытты өте көңілді өткізеді. Түйсігіңізге көбірек сеніңіз.

Арыстан

Бұл аптада жұмысыңыз көбейіп, ұйқыңыз қашады. Жұмысыңызды ауыстырып, басқа салаға кеткіңіз келетіндей оқиға болады. Айналаңыздағылармен мүмкіндігінше жанжалдаспауға тырысыңыз. Және өзгелерге қиындықтарыңыз туралы көп айта бермегеніңіз жөн.

Бикеш

Апта ішінде көп қателік жібересіз. Дұшпандарыңыз жаныңыздан табылып, сізді өз мақсаттары үшін пайдаланудан тайсалмайды. Олар өз кезегінде жүрегіңізге жара салатындай әрекет жасайды. Майда-шүйдеге мән бермеу арқылы көңіл күйіңізді көтере аласыз.

Таразы

Қырағылық танытпасаңыз, көз алдыңызда жүріп жатқан маңызды оқиғаларды жіберіп алуыңыз ғажап емес. Мұнымен қатар, түсіністікке байланысты қиындықтар туындайды. Шешім қабылдамас бұрын серіктестеріңіздің ұсынысы туралы бірнеше рет ойланып көріңіз. Осы апта ішінде отбасы мүшелері үшін қатты алаңдайтын боласыз. Егер сүйіктіңізбен сөзіңіздің жарасқанын қаласаңыз, өзгелердің жеке өмірлеріңізге араласпауын қадағалаңыз. Апта соңында өзіңізді жайсыз сезініп, жүйкеңіз сыр береді. Сол себепті, жақсылап демалып алғаныңыз жөн.

Сарышаян

Бұл аптада алдыңыздан көп кедергі шықса да, ойға алғаныңыздың барлығын жүзеге асырасыз. Алғашқы бөлігінде маңызды құжаттарға ойланбастан қол қоя беруіңізге болады. Алайда көп қаржыны талап ететін істерден бас тартқаныңыз жөн. Дәл қазір – біліміңізді толықтырып, кемелдене түсуге таптырмас уақыт. Жақын күндердің бірінде ескі жараның аузы ашылып, жақын адамдарыңызбен ренжісесіз. Демалыс күндері барлығы ретке келеді. Сізді романтикалық кездесу күтіп тұр.

Мерген

Жасап жүрген ісіңізге еш қызықпайтындықтан, арада біраз қиындық туындайды. Бұл көңіл күйіңіздің жоқтығымен де байланысты болуы мүмкін. Ренжіскен адамдарыңызбен көңіл жарастыратындай мүмкіндік аптаның соңында туады. Отбасының берекісін сақтап қалу үшін біраз күш-жігер жұмсауыңызға тура келеді. Барлық айып сізде ғана болуы мүмкін. Себебі, соңғы кездері айналаңыздағылардың сөзін жүрекке өте жақын қабылдап жүрсіз.

Тауешкі

Аптаның алғашқы бөлігінде «Дұрыс бағытта келе жатырмын ба?» сынды сауалдардың жетегінде жүресіз. Дәл қазір барлығын ой елегінен өткізіп, жинақталып алуыңызға болады. Нар тәуекелге бел буып, өзіңіздің керемет жан екеніңізді дәлелдеуге кірісесіз. Осы сәтте кімнің дос, кімнің қас екенін оңай түсініп аласыз. Ал аптаның соңында бойыңыздағы сенімділік сезімі артып, маңызды шешім қабылдайсыз.

Суқұйғыш

Тау мен тасты қопаруға дайын болсаңыз да, бұл алапат күшіңіз мақсаттарыңызды тауып, жаңа идеялар ұсынуға кедергі жасайды. Мұнымен қатар, әріптестеріңізбен, басшылықпен, достарыңызбен және сүйіктіңізбен сөзіңіз жараспай көп қиналасыз. Солардың біреусіне байланысты беделіңізге нұқсан келуі мүмкін. Жеке өміріңізде айтарлықтай өзгерістер болады. Бұрын-соңды ұнамаған дүниелерге түсіністікпен қарайтын боласыз. Осының арқасында сүйіктіңізбен сөзіңіз жарасып, арадағы адалдыққа ие боласыздар.

 

Балықтар

Барлығын дұрыс жоспарлау арқылы күн тәртібіңізді ретке келтіре аласыз. Күтпеген адамнан көмек алуыңыз мүмкін. Шешімді ойланбай қабылдауыңыз да ғажап емес. Жеке өміріңізді ретке келтіріп алатындай мүмкіндік туады. Ең бастысы, жақындарыңызға өзіңізді пайдаланып кетуге мүмкіндік бермеңіз. Ал шеше алмай жүрген қиындықтарыңыз туралы сүйіктіңізге ғана айтыңыз. Осы апта ішінде романтикалық кездесуге барасыз.

 

 

 

Қ. Бүйенбай