Жұлдыз жорамал: 15.12.2014-21.12.2014

Жұлдыз жорамал: 15.12.2014-21.12.2014

Барлығымыз да үнемі асығып жүретініміз анық. Алайда, асығып жүріп басқан әр қадамымыз қауіп-қатерге жақындата түсетінін ұмытпаңыз. 

 

Тоқты. Қорғаушы періштеңіз жаныңыздан бір сәтке де қалмауда. Өзге жұлдыздармен салыстырғанда қауіпті аймақта жүрсіз. Сондықтан, жанжалдасудан аулақ болып, жолдан өткен кезде абайлаңыз. Мұнымен қатар, қызмет жолында жоғарылайсыз. 

   

Торпақ. Алысқа сапарыңыз, немесе жақын адамға берген уәдеңіз орындалмауы мүмкін. Әрине, сізді қиындықпен қорқыту мүмкін емес, десе де сақ болған жөн. Дәл қазір - отбасыңызбен қарым-қатынасыңызды ретке келтіріп, өмірдің мәнін танитын шақ. 

   

Егіздер. Өміріңізге үлкен өзгерістер енгізгеніңіз орынды. Алайда, оның әрқайсысының салдары болатындығын ұмытпаңыз. 

     

Шаян. Жаңа бизнеске қаржы салудың, қымбат зат сатып алудың реті жоқ. Екеуі де ешқандай пайда әкелмейді. Күн жұлдызыңыз бен жаңа туып келе жатқан айдың ортасында тұрғандықтан, өте сақ болыңыз. 

   

Арыстан. Махаббат, демалыс, шығармашылық сынды өмірдегі ең маңызды дүниелермен айналысатын уақыт келді. Балалармен көбірек қарым-қатынаста болыңыз. Аптаның ойдағыдай өтетіндігі соншалық, материалдық қиындықтар да сізді жабырқата алмайды. 

     

Бикеш. Аптаның екінші бөлігінен бастап жаңа таныстар пайда болады. Белсенділігіңіз орынды болғанымен, дұрыс нәтиже алып келмейді. Сондықтан, барынша ұстамдылық танытуға тырысыңыз.

     

Таразы. Дәл қазір жұлдызыңыздың жанынан 4 планета өтіп бара жатқандықтан, өзіңізді жақсылап көрсете аласыз. Алайда, өзімшілдігіңіз бен ашуланшақтығыңыз ілгері жылжуға кедергі жасауы мүмкін. Келер жылдың табысты болғанын қаласаңыз, энергияңызды үнемдеп жұмсаңыз. 

     

Сарышаян. Келер апта философиялық ізденістерге, өмірдің мәнін табуға, жаңалық ашуға қолайлы болмақ. Мүмкіндігіңіз жоқ болса да, бір жерде отыра бергеніңіз жарамайды. Сондықтан, ойша саяхаттаңыз, немесе шетелдегі досыңызға хат жазыңыз. Ал, махаббат мәселесінде әзірге жолыңыз болмайын деп тұр. 

     

Мерген. Алдағы аптада барынша сабырлы болуға тырысыңыз. Белсенділігіңіз өзіңізге кері әсерін тигізуі мүмкін. Жолдан абайлап өтіңіз. 

    Тауешкі. Жабырқап жүрген тауешкілерге физикалық күші мен табиғи энергиясын қалпына келтіретін мүмкіндік туады. Алдағы апта - нағыз материалдық қиындықтарды шешетін уақыт. Мұнымен қатар, күнделікті жарты сағат болсын жалғыз қалуға тырысыңыз. 
     

Суқұйғыш. Сіз ерекше белсенділік танытып, жобаларыңызды көпшілікке ұсынасыз. Және мұның барлығы да сізге ляззат сыйлайды. Бірақ, сәрсенбі күні қызметтестеріңізді даттаудан аулақ болыңыз, әйтпесе көп кикілжің туындауы мүмкін. Практикалық жұмыстармен айналысыңыз. Сенбі күні ешқандай жаңа іс бастамаңыз. Егер сыртқы келбетіңізді ретке келтіру мүмкіндігі туындап жатса, бірден кірісіп кетіңіз. 

    Балықтар. Жұмыстарыңыздың барлығына үлгеру үшін оларды апта күндеріне теңдей бөліңіз. Және жұмыстың өте көп болатындығын бірден ескертеміз. Мүмкіндігінше адамдарды да, құбылыстарды да жақсылап бақылауға тырысыңыз. Өзгелердің қиындықтарына араласпаңыз. Ал, демалыс күндері қонаққа барып, артынша ұзақ сапарға аттанасыз.

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай