Massaget.kz Инстаграмда "Өлең" атты эстафета бастады

Massaget.kz Инстаграмда "Өлең" атты эстафета бастады

Massaget.kz жақында Инстаграмдағы парақшасында қазақ поэзиясын қолдау мақсатында "Өлең" атты эстафета бастады. Шарт бойынша, эстафета беруші эстафета алушыға бір ақынды атауы керек. Эстафета алушы сол ақынның бір шумақ өлеңін мәнерлеп оқуы керек. Жарияланымда @massaget_insta аккаунты мен #olen хэштегі болуы міндетті.

Сонымен "Өлең" эстафетасы жалғасуда. Эстафетаға сіз де үлес қоса аласыз! Ол үшін инстаграмдағы парақшаңызға #olen хэштегімен @massaget_insta аккаунтына сілтеме қойып, бір шумақ өлең оқуыңыз керек. Ендеше қазақ поэзиясын қолдауда жұмылып жұдырық болайық!

 

Жер жүзіне Ер атағым жайылған, Жан емеспін оттан, судан тайынған. Қайраты мол қандыбалақ қыранмын, Күн болған жоқ жаудан жүрек шайылған. Еркін ырғып шыққам асқар Алтайға, Қырда тұрып садақ тартқам Қытайға. Талай тайғақ, тар кешуде таймаған Батыр жүрек, қайрат енді алдай ма? Талмай, қайтпай қамал бұзған кемеңгер, Арыстанға қарсы ұмтылған мендей Ер. Бір барқылдақ жалпылдаған төбеттен Қорқар болсам, жұтсын Мені қара жер... © #МағжанЖұмабаев - Жер жүзіне Эстафета таяғын @abayus_otarius бауырымнан алдым. Дәл сондай шарттармен таяқты Азамат Тлепов бауырыма, @kuanysh_kenes досыма және @m_besbaev ағамызға беремін. Сәлемдемемді жеткізген Жандарға алғысымды білдіремін!

Видео опубликовано Abzal SARIYEV (@abzalsariyev) onноя 11, 2014 at 9:21 PST

М. Оңғарова