Алғашқы кездесуде жігітке алданып қалмаңыз

Алғашқы кездесуде жігітке алданып қалмаңыз

Ең алғашқы кездесуде қарсы алдыңызда отырған жігіттің шын өмірде қандай жан екенін білгіңіз келе ме? Қызыққан болсаңыз, төмендегі бірнеше мысалды оқыңыз.

Жігіт сізді «ойға сыймайтын» жерге шақырды

Ол Алматы қаласының шеткі аймағында орналасқан кішігірім дәмхана болуы мүмкін.

Мұның сыры: Егер ол сізді тым арзан немесе талғамсыз таңдалған жерге шақырса, бұл оның сізбен ұзақ қарым-қатынас туралы ойламайтындығын көрсетеді. Немесе жігіт бұл туралы ойланбайтын тым ақымақ болғаны. Жігіттің қымбат жерге шақыруы басты талап емес, бірақ ол өз кезегінде эстетикалық талғам, қызға барынша ұнау мәселесін ескеруі керек.

Мінезі құпияға толы

Көзінде қара көзілдірік, үстіне барлық түймесі түймеленген костюм киіп алған. Алғашында «Шерханмын» деп танысқан еді, артынша түзетіп «Өмірбекпін» деп айтады. Ол үнемі жан-жағына жалтақтап, ақырын сөйлейді. Телефон нөмірін берудің орнына бір жерге жасырын хат қалдыруды жөн көреді.

Мұның сыры: Егер бұл барлаушы болса, кездесу аяқталмай жатып қызметіне кетіп қалуы ғажап емес. Алайда бұл жағдайда бар болғаны оның жүріп жүрген басқа қызы болуы мүмкін. Бағанадан бері сол қызы байқап қоймасын деп жалтақтап отырған болар. Сондықтан оның уақытша қызы болудан бас тартқаныңыз абзал.

Ол бір түрлі киініп алған

Ауы тізеге дейін түскен шалбар немесе майкы мен спорттық трико киіп алған. Және жүзінен күлкісі кетер емес. Құдды тіс пастасының жарнамасына түсіп жатқандай.

Мұның сыры: Шығармашылық саласында жүрген жігіттер киімін шешіп, гримін кетіріп үлгермегендігін айтып ақталумен болады. Немесе кездесуге көп баратындығы соншалық, бұл жолы дайындалып баруды жөн көрмеген.

Ол үнемі телефонына қарай береді

Сіз тағамға тапсырыс беремін дегенше ол почтаға келген хаттарға жауап беріп, әлеуметтік желідегі парақшасында «Мен кездесудемін!» деп жазады.  

Мұның сыры: Біріншіден, әңгімелесушіңіз дұрыс тәрбиеленбеген, екіншіден, интернетке деген тәуелділігі бар, үшіншіден, сізден гөрі оған жұлдыздардың өмірі қызық болуы мүмкін. Ал табысқан жағдайда араларыңызда қандай сезім орнап, не істеп жүргендеріңізді оның парақшасынан көруіңізге болады. Мысалы, «Біз, жаным екеуіміз Бурабайда жүрміз!».

Жалғасы бар...

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: Yerlan Kidirov 

Қ. Бүйенбай