Велосипедтің жұмыстағы сәттілікке әсері

Велосипедтің жұмыстағы сәттілікке әсері

Британдық ғалымдар велосипед тепкен адамның жұмысқа деген ынтасы жоғарылайтынын айтқан. Мұндай шешім 2500 әуесқой велосипедшіден алынған сауалнама қорытындысынан шықты.

Сауалнамаға қатысқан 89% қатысушы велосипедпен серуенге шыққан кезде жұмысқа қатысты барлық мәселені ұмытып, үйге жоғары көңіл-күймен қайтатындығын айтқан. Сұралған қатысушының  66%-ы велосипед тепкен уақытта жақынымен қарым-қатынасы жақсаратындығын сөз еткен. Ал 39%-ы велосипед спортымен айналысу барысында денеде қосымша күш пайда болады деген.

82% қатысушы күйзелуді төмендетудің ең тиімді жолы – велосипед тебу деп есептейді. Сұралғандардың 33%-ы велосипедтің өнімділікке қатты әсері барын айтады. Таза ауада велосипед арқылы серуендеудің тың идеялар мен жақсы ойлар әкелетіні белгілі. Ал ол болса, жұмыстың өнімділігін арттырады. 15% адам велосипедті мансапқа жетудің бірден-бір жолы деп ұғады.

Мамандардың сөзіне қарасақ, велосипед – фитнеспен күн сайын айналысудың оңтайлы әдісі. Сондықтан, велосипед бойға қуат, жанға тыныштық, жұмысқа өнімділік, көңілге сергектік сыйлайды.

Оқи отырыңыз: 

Ешқашан ұрланбайтын велосипед

Күннен қуат алатын велосипед (видео)

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Велосипед

Велосипед бөлшектерінен өмірге келген иттер

Дайындаған: Жұлдыз Телемісова

Сурет: amazingwoman

Н. Нұрмаханұлы