Махаббат пен бақыт туралы бірер сөз

Махаббат пен бақыт туралы бірер сөз

1. Адам өзін жақсы сезінген сайын өзгелерге бақыт тілейді.

2. Адамдардың бақыт туралы түсінігі әртүрлі.

3. Өзгенің бақытына ортақтасу – ең ұлы бақыт.

4. Бақытты сезіну биік құзға шыққанмен бірдей. Ерекше әрі қорқынышты.

5. Бақытты адамның көзі жоқ. Бар, бірақ көруі ерекше.

6. Бақытты ауырмаған жүрек қана аңсайды.

7. Махаббатты аңсау оның өзінен де биік.

8. Заманына қарай адам өзгерсе де, махаббат еш уақытта өзгермейді.

9. Сүйгеннің құлы болу мүмкін емес. Еркін адам ғана ғашық бола алады.

10. Ғашық болу – реалды өмірден бас тарту.

11. Бір адамды сүйсеңіз, оның қызығушылықтарын да бағалаңыз.

12. Адамдарды өзгенің өлімі мен махаббаты қызықтырмайды.

13. Сұлулық қарапайымдылықта.

14. Сүймейтін адам зәкір секілді. Кеменің жанын айналшықтап, төменге қарай тартады. Бірақ жолын бөгемейді. Кеме де одан алыстап кете алмайды. Алыс суларға бара алмайды.

15. Әйел мен сұлулық әлемді құтқарады.

16. Махаббат – дін. Бірақ сүйікті адамыңыз арқылы жаратқанға жету мүмкін емес. Яғни оның мінезі жаратқанға ұқсауы тиіс.

17. Өмір сүрдім деп махаббатын жолықтырған адам ғана айта алады.

18. Нағыз еркек ол – ақша мен ет. Ер адам өзі ақша тауып, базардан етті өзі таңдап, әйелін қамқорлыққа алуы тиіс.

19. Махаббат та ауырып, сауығады. Немесе қор болып өледі.

20. Махаббатсыз жан, түтінсіз отпен тең.

21. Сұлулықтың адамды қор қылатын қасиеті бар.

22. Нағыз еркек махаббаттан қашпауы керек. Дәл солай әлсіз, ауру және кедей болудан да жасқанбауы керек.

23. Махаббатымызды жоғалтқан кезде өміріміз біткендей көрінеді. Бірақ сол түнектен құтқаратын жандар да бар.

24. Денсаулық – ол өмір сүру салты мен тұқым қуалаушылық. Сенің ата-анаң. Түп тамырың. Үлгеру – бұл сенің өзің және маңдай терің. Ал сүйікті болу үшін – өзіңді сүйе білуің қажет.

25. Махаббаттың химиялық құрамын анықтайтын болсақ, ол - міндетті түрде жарылатын термоядролық реакция. Ал жарылыс – бақытта, бақытсыздықта немесе ешқайда болуы мүмкін. 

Афоризмдердің авторы: Виктория Токарева

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: вк желісінен

Қ. Бүйенбай