Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Студентке: киім-кешекті құрметтеуді үйрен

Студентке: киім-кешекті құрметтеуді үйрен

Студентке: киім-кешекті құрметтеуді үйрен

Интернет торабында киім кию, жарастырып, үйлестіріп кию, қалай және немен кию керектігі жөнінде мәлімет көп. Бірақ сол киімдерімізді қалай күтіп киетініміз жайлы лайфхактар өте аз. Біз осы олқылықтың орнын толтырғымыз келіп, өмірге қажетті кеңестерімізбен бөлісуді шештік.

1/ Шалбарыңыздың балағы жауын-шашын күні кір-батпақ болмасын десеңіз, үйден шығар алдында арнайы су жұқтырмайтын спрей себіңіз. Ал егер арнайы спрей болмаған күнде аяқ киімге арналған SMS-спрей де көмекке келе алады. Спрейді бірнеше қабат етіп сепсеңіз, балағыңызға шашыраған лай-батпақ жұқпайтын болады.

2/ Жүнді свитеріңізді жақсылап тазалау үшін оны кәдіулгі шашқа арналған сусабынмен жуыңыз. Бірінші кезекте сусабынды салқын суға құйыңыз да, киімді салып қойыңыз. Жуған соң жүнді свитер жұмсақ әрі таза болады.

3/ Аяқ киімді қаймақпен тазалап көруге де болады екен. Бірақ бастапқыда аяқ киімді тазалап жуып алғаныңыз жөн.

4/ Уақыты тығыз студент болсаңыз киімді үтіктемей-ақ өмір сүруге болатынын біліп алыңыз. Ваннаның су құбырларына киімдеріңізді іліп қойыңыз да, өзіңіз жуыныңыз. Көтерілген бу жүннен, матадан жасалған киімдердің мыж-мыжын кетіреді. Ал егер киіміңіз таза болмаса бу жұққан киімді арнайы щеткамен сүртіп тазаласаңыз да болады.

5/ Егер киіміңізге қан тамып, кірлетіп алсаңыз мына ақыл-кеңесті ұсынамыз. Киімді салқын суға салып, біраз уақыт тұрған соң мақта тампонын сутек қышқылына батырып қан жұққан киіміңізді сүртіп көріңіз. Ал егер қан кетпесе, кір сабынмен бетін сүртіп кір жуғыш мәшеңкеге салыңыз. Қан ізі кетуі керек.

6/ Жаңа аяқ киім сатып алған кезде оның бірнеше өлшемге кіші екенін аңғарып жатамыз. Ол үшін целлофан пакетін салып, ішіне су құйыңыз. Сосын аяқ киімді тоңазытқышқа салып қойыңыз. Ал ертесі күні бөлме температурасында мұзды ерітіп алыңыз.

7/ Аяқ киімге жұғып қалған иісті мысық дәретіне арналған зат арқылы кетіруге болады екен.

8/ Мамық киімдерді жақсылап тазалау үшін оны үлкен тенниске арналған 3 доппен бірге кір жуғыш мәшеңкеге салыңыз. Екі допты екі қалтасына саласыз, ысырма ілмегін жауып, ал ішіне үшінші допты саласыз. Киімді осыдан соң орап 30 градустық режимге қойыңыз. Мамық киімді кептіру үшін оны сілкіп құрғатуыңыз керек. Сонда ішіндегі жүн өз орнына келеді.

9/ Таңғалуыңыз мүмкін, бірақ джинсы шалбарын жумауға да болады екен. Оның орнына кірлеген джинсыды тоңазытқышқа салып қойыңыз. Тоңазытқышта бір түнге сақталған джинсыдың бактериялары кетеді екен.  

Тағы да басқа киім күту жолдарын білсеңіз пікір ретінде қалдырыңыз!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: mhealth.ru

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 14 сәуір 2014, 15:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.