Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Тез әрі көп жазудың құпиясы

Тез әрі көп жазудың құпиясы

Тез әрі көп жазудың құпиясы

Жылдам жазу үшін тәжірибе керек, ал тәжірибе болу үшін жағдай жасалуы тиіс. Бірақ кейде жазуға барлық мүмкіндік туып тұрса да неліктен оған көп уақыт жұмсаймыз?

Әрине, тіршіліктің қазаны қыз-қыз қайнап жатқан кезде біз уақытымызды үнемдеу үшін бәріне де барамыз. Тіпті кейде таңертеңгілік асты ұмыт қалдырамыз. Жылдам жазуға не кедергі?

Бірінші кезекте бізге жылдам жазуға кедергі болатын жағдайларды анықтап алайық. Және сол кедергілердің алдын алуды үйренейік.

1. Ақпарат тасқынында қалмау керек

Әрине, бірдеңе жазу үшін қажетті ақпараттарды жинастыру керек. Дәл осы ақпарат жинау мәселесіне көп уақытымыз шығындалады. Қарапайым жағдайда жазуға отырған адамның 70 пайыз уақыты дерек жинауға кетеді екен. Келіспеуге шара жоқ, дерек жинау ең маңызды фактор болып табылады. Бірақ біздің басты қателігіміз – дерек жинау кезінде қажетсіз, бірақ қызықты болып көрінген ақпараттарға ұзақ уақыт жұмсайтынымыз. Нәтижесінде бір диссертациялық жұмысқа жететін деректі 1500-2500 символдық мақалаға сыйдыра алмай әлектенеміз. Міне, деректерді қорытуға ең көп уақыт кетеді. Қанша қорытқанымызбен барлық жиналған ақпарат мақалаға енбей қалады. Сонда сіздің уақытыңыз қажетсіз деректерді оқуға, қорытуға жұмсалады.  

Не істеу керек?

Бастысы, деректің ішіндегі ең керекті делінетіндерін тамыршыдай дөп басып анықтайтын қасиет. Жұмысыңызға қатысы жоқ деректерді дер кезінде тастай алу қабілеті де өте маңызды фактор екенін ұғайық. Деректерді ақпарат ішінен оқымау керек, оны тек қарап шығу керек. Есіңізде болсын, ақпарат жинауға жұмсайтын уақытыңызды азайтуға болады. Мұның бәрі ниетіңіз бен жұмыс істеуге деген құлшынысыңыздың арқасында келмек.

2. Бастау қиын

Кейде мақаланы немесе блогты неден бастау керектігі жайлы көп ойланып қаламыз. Ал кейде мақаланы бастап алып, оны қайта өшіріп, қайта түзеп, ақырында жазуға деген құлшынысымыздан айырыламыз. Сол үшін қалай бастасаңыз да, әйтеуір бастап кеткеніңіз жөн. Ал мақаланы аяқтаған соң оны қайта түзеу оңайға түседі.

The Buffer порталының блогері Белль Бет Купер өзінің «Екі күндік еңбекті қажет ететін жазбаны төрт сағатқа қалай қысқарттым» деген жазбасында бастаудың қиын екендігін және онымен қалай күресудің жолдарын айтып өтеді. Бель бұл қиындықпен былай күреседі – жазбасының сапасына қарамай, әйтеуір аяқтап бітеді. Мәселен «Мен неден бастарымды білмеймін, себебі...». Оның айтуынша, жазу процесінде адам ойы жинақталып, мақаланы қандай жолмен жазып бітірсе дұрыс болатынын шешеді. Ал кейбіреулер жазбасын кәдуілгі қағазға жазып бастайды екен. Бірнеше сөйлем жазып, жоғарыға сәтті делінген тақырыпты қойып бастайды да, әрмен қарай компьютермен жалғастырады.

Тез жазудың тағы бір жолы – жұмыс орнынан тұрып, әрлі-берлі жүріп келу. Осындай кішігірім серуендеу кезінде мақаланың жалпы сипаты ойластырылады екен.

3. Алаңдамау

Жұмыста немесе үйде отырсақ та басқа жаққа көп алаңдайтынымыз бар. Әріптестермен қызықты тақырыпқа әңгімелесу, әлеуметтік желілердегі қызықты паблик, ойын-сауық ресурстары, пошта тексеру, достармен чатта әңгімелесу сияқты істер сіздің сәл ғана басқаға көңіл бөлуіңізді бейне бір күтіп тұрғандай. Сол үшін осы алаңдататын факторлардың барлығын да жоюға тырысыңыз. Тіпті жарты сағат сайын әлеуметтік желідегі жаңалықтарды тексеріп отырудың өзі жұмыс бабыңыздан ауытқуға әкеп соқтырады.

Не істеу керек?

Егер жазып жатқан тақырыбыңыз қызықты болса, онда тезірек жазып бітуге мүмкіндік бар. «Тақырып туралы не білем?» және «Бұл тақырып маған қызықты ма?» деген екі сұраққа да оңай жауап бере алсаңыз мақалаға кемінде 1,5-2 сағат жұмсалады екен. Ал егер тақырыбыңыз сіз үшін қызықсыз болса жазудағы нысаныңыз жайлы жөнді білмейтініңіз. Бұл жағдайда мақала жазуға бір күннен де артық уақыт жұмсауыңыз мүмкін. Смарфтоныңызды өшіріп, басқа да алаңдататын факторларды жойғаныңыз абзал.

4. Уақытқа тәуелді болмау

Егер қандай да бір жазбаға белгілі бір уақыт бөлінетін болса ештеңеге үлгере алмай, бабыңызға келе алмай қаласыз. Ал егер белгілі бір уақытты арнайы бөлмесеңіз мұнда да өзіңізді жұмысқа жегу қиынға түседі. Сол үшін жазбаңызды жазу барысында өзіңізді уақыт жағынан қыспаққа алмаңыз, бірақ белгілі бір өлшем қойыңыз.

Не істеу керек?

Егер сізге ешкім де жұмысты тез бітіруге талап қоймаса, оны өзіңіз қойып алыңыз. Егер бұған дейін мақаланы 3 сағатта жазып келген болсаңыз кейінгі мақаланы 2,5 сағатта жазып болуға бекіңіз. Осылай сіз өзіңізді дамыта аласыз.

Мақаланы жазудағы кедергілер туралы айттық. Енді көмекші құралдарға тоқталып өтейік.

Жақсы мүмкіндіктер тудыру

Әр адам өзіне қолайлы жерді таңдайды. Иә, мақаланы қайда жазуға болатыны жөнінде ойланып көріңіз. Эксперимент жасауға да болады.

Уақыт

Әр адамда шабыты таситын, шығармашылыққа толы кезеңдері болады. Осы себепті де, қандай адам екеніңізді анықтап алғаныңыз жөн. Мәселен, сіз таңғы уақытта өнімді еңбек етуіңіз мүмкін. Ал кешкі уақыттарда демалғанды жаныңыз қалайды. Керісінше де болуы ғажап емес. Сондықтан да өзіңіздің өнімді еңбек ете алатын уақытыңызды анықтап алыңыз. Себебі әр адамда бұл әр уақытта байқалатын құбылыс.

Тыныштық немесе музыка

Жұмыстағы қарбаластың даусы адамның өнімді еңбек етуіне оң ықпалын тигізеді деген сөз бар. Осы себепті өзіңіздің қандай жағдайда жақсы жұмыс істейтініңізді байқаңыз. Мәселен, біреулер музыка қойып істейді, ал біреулер тыныштықты қалайды. Тағы да басқалар елең-алаң шудың ортасында отырып-ақ өнімді еңбекпен айналыса береді.

Қайда жұмыс істеу керек?

Егер міндетті түрде кеңседе отырып жұмыс істемеуге мүмкіндік болса әртүрлі жерлерде отырып жазумен айналысыңыз. Кафе, балкон, саябақ... Жаныңыз қалаған жерлерге баруыңызға болады. Сол үшін де эксперимент жасаудан қорықпаңыз. Кім біледі, сіз теңіз жағасында отырып-ақ өнімді жаза білетін нағыз фрилансер шығарсыз?

Кеңестеріміз осымен тәмам. Тез әрі көп жазуға сіздің қандай алып-қосар кеңесіңіз бар? Бөлісе отырыңыз...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: elhow.ru, uchieto.ru

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 10 сәуір 2014, 13:34
Пікірлер
+0
10 сәуір 2014, 16:40

Перне тақтамен тез жұмыс жасай алуда қажет, әр әріпті іздеп жүрсеңіз бұлдакөп уақыт алады.

+0
11 сәуір 2014, 11:10

Тез жазудың құпиясын білгілерің келсе Қайсар Қауымбекке хабарласыңдар!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.