Пауло Коэльоның цитаталары

Пауло Коэльоның цитаталары

Пауло Коэльо – бразилиялық жазушы әрі ақын. Осы уақытқа дейін 16 роман-кітап, түсіндірмелі антологияларды, қысқа әңгімелердің жиынтығын жарыққа шығарған.

* * *

Әрбір таң - өмірді басынан бастауға таптырмас мүмкіндік. 

* * *

Заттарды бағасына қарап емес, олардың құнына қарап бағалаңыз.

* * *

Өзгеріс - әрдайым қорқынышты.  Бірақ, ешкім де сіз үшін сіздің өміріңізді өзгертпес. Сіз қандай таңдауға барып тұрғаныңызды білесіз, бірақ қорқынышқа қарамастан, алға жылжитын боласыз. Жетістіктің басты ережесі де осы. 

* * *

Егер сен кереметті ғана көрер болсаң, онда өз ішіңнен кереметті ғана алып жүрсің деген сөз. 

* * *

Айтарға әрдайым сөз табылады, бірақ барлығымыз оның әсерінен қорқамыз.

* * *

Егер сенен "қош бол" деп айтуға ерік-жігер табылар болса, онда өмір сені жаңа "сәлеммен" қауыштырмақ. 

* * *

Өмір адамдардың еріктерін әртүрлі істе сынап, байқап көргісі келеді: енді бірде мүлдем ешнәрсе өзгерместей қылып тастаса, енді бірде барлығын басыңа бірден үйіп-төге тастамақ. 

* * *

Дұшпанды жақсы танып, көзін құртудың ең үздік жолы - бұл оның досына айналу. 

* * *

Тілектен үнемі бір шикілік көрінеді. Бәлкім, орындалу арқылы тілек болудан қалғаныннан шығар.

* * *

Өмір - бәс тіккен қадамыңа байланысты санаулы сәттерді күту.  

* * *

Сұрап тұрғанда бергең жақсы, бірақ жүз есе жақсысы - барлық адам ешнәрсе сұрамағанға сенеді. 

* * *

Немен айналыспасын, жер бетіндегі әрбір адам әлем тарихында басты рольді ойнайды.  Және әдетте мұны білмей жатады. 

* * *

- Револьвердің саған қажеті қанша? - деп сұрады жасөсіпірім.

- Жұртқа сеніп үйрену үшін, - деді ағылшын.

* * *

Жоғалғанның орнын жоқтау үшін, алдымен шынайы бауыр басып көру керек.

* * *

Менің мақсатым - махаббатты түсіну болса, десе де, мен өз жүрегімді табыстағандардан азап шексем, бір нәрсені анық көремін: жаныма қол тигізгендер, денемді өртей алмайды, ал менің денемен тигендері болса жанымды ұғуға дәрменсіз. 

* * *

Табиғат кезеңінде жеңіс те, жеңіліс те болмайды: қозғалыс болады. 

* * *

Ғажайыптар - бұл  табиғат заңдары аясында орындалатын атаулы оқиға күні емес; біздің бұлай ойлайтын себебіміз,  шындығында табиғаттың заңын білмейтіндігіміз. 

* * *

Құдайдан еншілеген біздердің ең ұлы сыйымыз - бұл өз шешімімізге билік құру. 

* * *

Біз барлығымыз уақыт құмына батулымыз және мұны біздер еш тоқтата алмаймыз. 

* * *

Махаббатты кез келген бағамен иемденуге тырыспаңыз, себебі, Махаббат бағасыз. 

* * *

Өмір де, өлімнің де ақыр аяғы жоқ.  Олар тек мәңгіліктің бір кезеңдері ғана. 

* * *

Ең сұрапыл қару - бұл қан ізін қалдырмастан, өмірді құрдымға жіберетін бір ауыз сөз және оның жарасы ешуақытта тыртығын қалдырмайды екен. 

Аударған: Әкежан Дәкен

Сурет: news.tts.lt

Л. Лига