Апта кеңесі. Рақмет

Апта кеңесі. Рақмет

Достар, адам жаратылысы сондай, көбіне рақмет айтуды естен шығарып алып жатамыз.

Ұлы Отан соғысында толарсақтан саз кешіп, Отан қорғаған бабаларымызға рақмет! Кіршіксіз жүрегімен бейбіт өмірді тілейтін абзал аналарымызға рақмет! 

Мынау жалған дүниеге келіп, өмірдің тәттілігін сезінгеніміз үшін рақмет!

"Рақмет" сөзін шын көңілмен айтсаң, жаныңа рақат сыйлап, жүрегіңді ләззатқа бөлейді.

Көбіне жақын жандарымыздың қадіріне жете бермейміз. Жаныңа сүйеу болған аяулы жандардың бары үшін рақмет айтайық, достар! Қу тізесін құшақтап жападан жалғыз өмірден баз кешкен бейбақтар қаншама... Тіпті, оларға да өмірдің мәнін жіті түйсінуімізге көмектескені үшін рақмет...

М. Оңғарова