Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Сырғалыларға сыбыр

Сырғалыларға сыбыр

Сырғалыларға сыбыр

Егер сіз алғашқы махаббаттасу кезеңінде болсаңыз, көңіліңіздегі жігітке ынтық екендігіңізді білдірмек болсаңыз, ең әуелі мынаны ескергеніңіз жөн:

1. Өзіңізді тамаша таза ұстай біліңіз. Қазақта «мал сақтама, ар сақта» деген ұлағатты сөз бар. Арын сақтай білмеген жанда ешқандай қадiр-қымбат болмайды. Білімді жігіттер сіздің сыртқы келбетіңізді емес, қайта арлылығыңызды, жан сұлулығыңызды жоғары бағалайды. Сондықтан аса пәк болуды ең маңызды орынға қоя біліңіз.

2. Салмақты, сабырлы, кішіпейіл болыңыз. Жігіттермен кездескенде түсіңізді суыққа салып, томсырайып отырмаңыз немесе сөз кезегі келмей жатып суырыла сөйлеп өзіңізді көрсетуден аулақ болыңыз. Өйткені алғаш кезіккенде бейнеленетін баурау қуаты қыз бен жігіттің арасын жақындастырудағы тамаша дәнекер саналады. Сондықтан өзіңіздегі осы абзалдылықтарды дұрыс пайдаланып, өзіңізді еркін ұстап, қарсы жақтың сұрауына ден қойып, ықыласты тіл қатып, жақсы әсер қалдыруға тырысыңыз.

3. Бір көргенде құлай сүюден аулақ болыңыз. Демек, бойжеткендер жігіттердің психологиялық ерекшеліктерінен азды-көпті сауатты болғаны жөн. Жігіттің сұлу сөзді судыратып баурай жөнелуінен, сол арқылы өзінің психологиялық және физиологиялық қажеті үшін қызмет еттіруінен абай болған жөн.

4. Ақылды, тәрбиелі, мәдениетті, отбасы жұмысына да шөгел болыңыз. Қоғамдық қарым-қатынас барысында жігіттер өзі жақсы көретін бойжеткеннің адамгершілігі, қайырымдылығы және үй шаруаларын тындырымды істеуі, мейлі қандай мәселелер болсын, дұрыс бір жайлы етуі қатарлы жақтарға ерекше назар аударып сырттай күзетеді. Сөйтіп артықшылық, жетерсіздік жақтарыңызды өзге бойжеткендермен салыстырып көреді. Сондықтан бұл жағында мүмкіндік бар сенімге ие болуға тырысыңыз.

 5. Өзіңізді түсінуге орай жаратыңыз. Жігіттер сізбен араласқысы келгенде сылтау тауып, бірге болғысы келеді. Мұндайда дұрыс мәміледе болыңыз. Уәделі уақытында кешікпей барыңыз. Ал, уақытыңыз шықпаса, себебін ашық айтып, дұрыс түсіндіріңіз. Сонда жігіт өзін құрметке бөлендім деп түсініп, сізге дән риза болады.

6. Әдемі қылығыңызбен көңіліңізді жеткізіңіз. Сүйген жігітіңіз қарсы алдыңызда тұрғанда, басыңызды төмен салып күмілжімеңіз. Егер oлай істесеңіз, қарсы жақ көңіліңіздегіні тауып, өз ойын білдіруден қиналады. Сондықтан мұндай кезде үйлесімді әдіс-амал тауып, жігітті өзіңізге баурап, оның өз көңіл-күйін білдіруіне мүмкіндік жаратыңыз.

7. Қашан да оған тілеулес екендігіңізді білдіріңіз. Өзіңіз жақсы көрген жігіт қызметте немесе тұрмыста белгілі қиыншылыққа тап болса не сәтсіздікке ұшыраса жақыннан жәрдемші болып, қол ұшын беруге ұмтылыңыз (шамаңыз келгенше), сондай-ақ оның өзіне ғана тән дүниеге көзқарасы, тұрмыс дағдысы және әуесіне құрмет етіңіз. Кейбір дұрыс болмаған әрекеттерін байқасаңыз, топтық ортада бетіне баспай, оңашада түсіндіріп қойыңыз. Ал дос-жарандармен болған барыс-келісте, жақсы көретін жігітіңіздің бетіне шіркеу келетін іс істемеңіз. Қайта олармен сыйласымды болыңыз. Бұлай істеу жігіттің достары алдындағы абыройын арттырады. Сонымен жігітіңіздің сіз жөніндегі түсінігі тереңдей түседі.

8. Жүріс-тұрысқа, безеніп-сәнденуге көңіл бөліңіз. Жүріс-тұрыс, сымбаттылығыңыз бен безену сіздің тәрбиеленуіңіздің айғағы. Өзіңізді лайықты безендіріп, жарасымды  киінуге тырысыңыз. Демек сұлу дидар, назды кербездік қыздардың сұлулығын арттырып, келбеттендіре түседі. Сондықтан бұл жағына айрықша назар аудара біліңіз.

9. Үмітсіздікке салынбаңыз. Егер көңіліңіздегі жігіттің сүйгені болса, үмітсіздікке салынбай, махаббат тұрмыстың бір бөлiгі ғана деп түсініңіз. Өйткені, сізді алдыңызда онан да абзал жігіт күтіп тұрған болуы мүмкін. Сондықтан, мұндай кездерде сезімді ақылға жеңдіріп, оны ұмытуға тырысыңыз. Түрлі қимылдармен көбірек шұғылданып, рухани жақта көңілді жүруге құлшыныңыз.

Міне, осылай істегенде ғана, ойлаған арманыңызға жетіп, мән-мағыналы өмір кеше алатын боласыз!

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: gwheron.com 

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 30 наурыз 2014, 14:59
Пікірлер
+0
31 наурыз 2014, 10:14

пах, шіркін!))) ұнады, ер адамның тарапынан жазылған кеңестер басқаша болады екен)

+0
31 наурыз 2014, 10:52

Ескеретін нәрселер екен, жақсы

+0
31 наурыз 2014, 16:18

кейбір кеңестер әйел адамдар жазған психологиялық кітаптармен қайшы келеді екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.