Әртіс ауыстыру

Әртіс ауыстыру

Бұл оқиға театрда орын алды. Қойылым жүріп жатты, дәл осы сәтте сахнадағы көрініске тартылған кездеме кенеттен үзіліп, әртіс әйелдің үстіне оралып қалды. Көпшілік қауым әбігерге түсіп, бас актерді оралған кездемесімен бірге сахнадан амасыз алып кетті. Қойылымды әрі қарай жалғастыру мүмкін болмай қалды. Енді не істеу керек?

Театр директоры тағат таппай, амалсыз сахнаға өзі шықты. Көпшіліктен кешірім сұрай: «Аса құрметті көрермендер, ханымдар, мырзалар! Өздеріңіз де барлығын көрдіңіздер, оқыс жағдай болды, сондықтан бүгінгі қойылым осы жерден ақырласты. Көпшілік, ғафу етіңіздер!», - деді.

Оның сөзі аяқталмай жатып, зал ішін айғайлаған дауыс кернеп кетті.

«Не болды? Қойылым неге қойылмайды екен? Сендер барып тұрған алдамшы екенсіңдер! Ақшаны алған соң қойылымды дұрыс қою керек еді!», - деп шу көтерді.

Қысқасы, барлық көрермен қайтуға көнбеді. Театр бастығы сүлкіні түсе сахна артына қайтты. Оның құлағына біреудің: «Сендер шұғыл жағдайды шынында да біржақтылы ете алмайды екенсіңдер», - деген сөзі естілді. Ол басын көтеріп қарап еді, қарт актер Микалай еш әбіржіместен қолындағы асын құшырлана жеп отыр екен.

- Сізде осы істі шешетін амал бар ма? - деп сұрады қожайын.

- Бар!

- Ой, періштем-ай! Тезден бізді құтқара көр! - деп жалынды директор.

- Жарайды, сен қызметкерлеріңе үш рет қоңырау соқтыр, мен дереу келемін, - деді Микалай.

Қоңырау соғылған соң зал іші тыныштала қалды. Микалай нық қадаммен сахнаға шығып, көрерменге қарап былай деді: «Құрметті көрермен достар, тынышталыңыздар! Қойылым қазір басталады! Жаңағы әртістің жұмысы қалпына келді. Қойылымды ертерек бастай беретін едік, бірақ театрда бір келеңсіз оқиға туылды. Киім сақтау бөлімінде, анығын айтқанда, сіздердің киім-кешек, бас киімдеріңізді қоятын жер тоналған. Көпшілік, алаңдамаңыздар, үлкен оқиға емес, тонаушылар киім-кешек қоятын орындағы қызметкерлерді байлап тастап тонаған. Қанша киім жоғалғаны қазір бізге беймәлім. Оны қызметкерлер анықтап жатыр», - деп сөзін аяқтады.

Бұл кезде Микалайдың не айтып жатқанын тыңдайтын адам қалмаған еді. Көрерменнң бәрі орындарынан қотарыла түрегеліп, гардеробқа қарай лап қойды. Сонымен жарты сағатқа жетпейтін уақытта театр залында бірде-бір адам қалған жоқ.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: grafamania.net 

M. Auelkhan