Екі елі ажырамау

Екі елі ажырамау

Бір адам төрткіл дүниеден өзіне ғажайып өнер үйрететін әйгілі ұстаз іздепті. Көлеңкесі одан:

- Саған қандай ұстаз қажет? - деп сұрапты.

- Уақыт пен кеңістік шектемесіне төтеп бере алатын өнері бар ұстаз іздеймін.

Көлеңкесі оған былай депті:

- Іздеген ұлағатты ұстазың мен боламын.

- Қалайша?

- Қайда болса да мен иемнен екі елі ажырамаймын. Тәңертең ұзарып, түсте қысқарамын. Уақытқа ілесе өзгеріп тұрамын. Өрлі-қырлы, қыңыр-қисық жерлерде де жер бедеріне қарай құбыла білемін, - депті көлеңке.

Көлеңке иесі:

- Уақыттың өзгерісіне қалай төтеп бересің? - деп сұрапты.

Көлеңке оған былай жауап қайтарыпты:

- Өзім де, жаным да болған емес, сондықтан уақыт мені құрықтай алмайды.

Адамның ең үлкен ұстазы – өзіңіз. Өзіңіз алған білім, өзіңіз оқыған кітап, өзіңіз бастан өткерген істер. Ал көлеңке, әрине, сізбен бірге жүреді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: websbook.com 

M. Auelkhan