Әріптес және сіз

Әріптес және сіз
  • Терезені сүрте салыңыз немесе қызметтесіңізге бір стақан қайнаған су әкеліп беріңіз, бұл ілікке алғысыз ұсақ-түйек шаруа сияқты болып көрінгенімен, осы істерді ұзақ уақыт жалғастырсаңыз, қызметтестеріңіз үшін бұл тұрақты әрі сенімді байлық болып саналады.
  • Басқалар жағынан кемсіту немесе өзгелердің суық райына тап болғанда олардан қашқалақтамаңыз, қайта ырықтылықпен достық пейіл танытыңыз.
  • Бүгінде бәсекеден сақтану мүмкін емес. Қайда бармаңыз, қай жерде жұмыс істемеңіз сіздің бәсекелестеріңіз барлық жерден табылады. Табысыңызға баға берілгенде немесе пайданы бөліске салғанда азды-көпті айырмашылық кетуі мүмкін, осыған бола қарсы жаққа әрқашан өшпенділікпен қарауға болмайды, ең қабілетті табыскер ылғи да бәсекелесімен ықыласты түрде амандасады. Себебі, ол сіздің ең табыскер бәсекелесіңіз болғандықтан ғана сіз одан асу үшін шабыттана жұмыс істеуіңіз әбден мүмкін ғой.
  • Жаңа келген қызметтесіңнің атқара алмай жатқан жұмыстары болса, оған көмектеспей тұра тұр. Шапағат арқылы адамдарды өзіне тарту психологиясы екі жақтың да байланысының дамуына пайдасын тигізбейді.
  • «Артқан түйеңнен, сүйенген иең күшті болсын» деген мақал бар. Иесі күшті әріптесің теңсіздікке ұшыратса, көзсіздікке ұрынуға болмайды, өз жан-дүниеңдегі ең сенімді бір күшке сен, ол – сабырлылық.
  • Басқалар сізді көзге ілмесе және сенің сыпайы болып жүруіңді қаласа, бұл сен үшін пайдалы ұсыныс болуы мүмкін. Түсіңізді бұзбай, күлімсіреп тұру онша қиын шаруа емес қой.
  • Сіз карта ойнағанды жек көрсеңіз, басқаларға салыстырғанда көреген екендігіңізді білдіреді, егер карта ойыны себебінен кейде карта ойнайтын қызметтесіңізді жек көріп кетсеңіз, ол – сіздің надандығыңыз.
  • Сіз өз ісіңіздің қозғаушы күшісіз, әріптестеріңіз де өз істеріне өздері ие. Олар сіздің атқарған жұмысыңызға қызыға қарауы мүмкін, бірақ бұл қызығуды олардың өзін қорғауымен, өз болашағына көңіл бөлуімен салыстыру мүмкін емес, сондықтан қызметтестер арасында сен-мен деген шекара анық болуы керек. Салыстырмалы сергектік екі жақтың қызмет және даралығын қорғауына пайдалы.
  • Бір мекемеде басшылықтың қызметкерлерге деген ұстанымы жағынан айырмашылық болуынан сақтануға болмайды. Ол барлық жерде бар. Он мың теңге жүз теңгеге қарағанда жүз есе артық деп қарапайым түсінуге болмайды. Тіпті, бұл мәселе үшін бас қатырудың қажеті жоқ. Өз жұмысыңызды жақсы істесеңіз, соның өзі жеткілікті.
  • Қазіргі қызметтегі ықпалыңыздың қаншалық болуымен есептеспей, тырысып істеуіңіздің пайдасы бар, қабілетіңіз бар бола тұра оны істетпесеңіз, ең өкініштісі – осы. Өйткені, бұл істеу сізді табысқа жету орайынан мақұрым қалдырады.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan