Әр адамның борышы

Әр адамның борышы

Көп адамның ойынша, қоғам қайраткерлері, табысқа жеткендер және өнер жұлдыздары ғана қоғамға ықпал ете алады.

Шындығында, әрбір адамының өзіне тән ойы, ерекшелігі болады.

Сен әр күні әр түрлі адаммен араласасың, бірігіп жұмыс істейсің. Осы кездердегі сенің әрбір іс-әрекетің мен сөзің басқаларға әсер етеді, тіпті, өзгелердің тұрмысы мен тағдырын да өзгертуі мүмкін.

Ата-анаң, балаларың мен жұбайың, көршің, қызметтестерің - сен барлығымен араласатын болғандықтан, сенің қуанышың мен қайғың, әрбір ауыз сөзің оларға әсер етеді. Егер сен жақсы болсаң, күн сияқты басқалардың да жүрегін жылытып, оларға қуаныш сыйлайсың. Сенің пікір алмастырып, ой ортақтастыруың, бір ауыз мадақтауың, оларға шабыт, жігер береді.

Өзіңнің осы жауапкершілігіңді сезіне алғанда ғана өзімшілдік қасиетіңнен аттап өтіп, көпшілкке пайда жеткізуді ойлайсың және нақтылы іс-әрекетің мен күш қуатың арқылы басқаларды бақытқа бөлей аласың.

Сұңқар Ақбоз

сурет: fo.ifeng.com

M. Auelkhan