Біздің кейбір кемістігіміз

Біздің кейбір кемістігіміз

Блез Паскальдың тамаша ой-жауһарларынан ұсынамыз:

* * *

Адамдарды кез келген нәрсеге үйретуі мүмкін, бірақ адалдыққа үйретпейді, бірақ соған қарамастан, олар ғылымдығымен емес,  тап сол өздерін ешқашан үйретпеген нәрсемен – адалдықпен көзге түсуге тырысады.

* * *

Қос шексіздік, орта. – Егер біз тым жылдам, не тым баяу оқитын болсақ, еш нәрсе түсінбейміз.

* * *

Біздің кейбір кемістігіміз  - өзгеден өніп шыққан өскін тәрізді: діңін шауып тастасаң болғаны, ағаштың бұтақтары сияқты түсіп қалады.

* * *

Адамға өтірік айтқаннан еш пайда болмай-ақ қойсын – бірақ бұл енді ол шындықты айтады деген сөз емес: өтірікті жай өтірік үшін ғана айтады.

* * *

Қарама-қайшылықтар. – Адам өз жаратылысына сай сенгіш, сенбейді, именшек, батыл.

* * *

Адамның сипаттамасы: тәуелділік, тәуелсіздікті аңсау, сансыз қажеттілік.

* * *

Адамның жай-күйі: тұрақсыздық, сағыныш, үрей.

* * *

Бізді кез келген болмашы нәрсе жұбатады, өйткені кез келген болмашы нәрсе бізді жабырқатады.

Егер біз көңіл көтерудің мәнеріне бойласақ, адамдардың барлық ісінің мағынасын түсінеміз.

* * *

Адам жүрегі бос қуыс және осы бос қуыстағы кір-қоқыс қаншама!

* * *

Біз соншалықты атаққұмармыз – жер бетін жайлаған барлық адамның барлығының арасында дерлік, тіпті біз бақилық болып кеткеннен кейін келетіндердің арасында да өз даңқымызды шығарғымыз келеді; біз соншалық бос әбігерге әуеспіз – өзімізге жақын бес-алты адамның арасындағы жақсы атымызға масайрап,  мәз боламыз.

* * *

Қарама-қайшылық: өз өміріне мән бермеу, болмашы нәрсе үшін өлімге дайын болу – өз өміріне деген өшпенділік.

Әбігерлердің әбігері. – Адамдар өз өмірінің бос әбігершілік екенін мүлдем түсінбей өмір сүретіні соншалық,  қадір-құрмет қуудың мағынасыз нәрсе екенін айтқанда аң-таң болып, толық түсінбеген қалып танытады. Бұл ғажап нәрсе емес пе!

* * *

Адамның болмашыға сезімталдығы, ал маңыздыны сезбейтіндігі – қандай қорқынышты!

* * *

Қаншама ел менің бар екендігімнен тіпті бейхабар!

* * *

Өзіңде болғанның барлығын уақыт алып кететінін сезінген қандай керемет!

* * *

Әділдік. – Әйел әшекейі сияқты, әділдік жайлы түсінік те сән ықпалына душар болған.

* * *

Адамның кісілігі туралы оның жекелеген ұмтылыстары бойынша емес, күнделікті істері бойынша бағалау керек.

Адам періште де, жануар да емес, оның бақытсыздығы сол – ол неғұрлым періште болуға ұмтылған сайын,  соғұрлым жануарға көбірек айнала бастайды.

* * *

Адам өзін екі тәлімгердің жәрдемі арқасында таниды: түйсік пен тәжірибе.

* * *

Адамның ұлылығы – өзінің түкке тұрмайтынын ұғынатындығымен ұлы. Ағаш өзінің түкке тұрмайтындығын сезінбейді...

* * *

Адамдар ессіз, мұның өзі жалпыға ортақ ереже – ессіз болмау ессіздіктің бір түрі болар еді.

* * *

Біз кемшіліктерімізді көрсетушілерге риза болуымыз керек, өйткені ол мойынсұнуға үйретеді және адамдардың біздің бойымызда жек көруге лайық деп табатын нәрселеріне көзімізді ашады.

* * *

Адам ізгі іс жасап жатқанына сенімді болғанда қаскөйлікті қандай жеңілдікпен әрі масаттана жасайды десеңізші!

* * *

Залымдарды өлтіре отырып зұлымдықты жою мүмкін бе? Бірақ бұл олардың санын көбейту ғой! 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: liveinternet.ru; joyreactor.cc

Л. Лига