Түйіндеме жасауға таптырмас сервистер

Түйіндеме жасауға таптырмас сервистер

Егер сіз шынымен де жұмысқа орналасуды қаласаңыз және өзіңіз секілді жүздеген жұмыс іздеушінің арасынан бірден көзге түсуді мақсат тұтсаңыз, өзіңізді «Туған жылы», «Білімі» және Қосымша мәліметтер» деген секілді графалары бар әдеттегі түйіндеменің көмегімен таныстыру – мүлдем жақсы идея емес.

* * *

Бүгінде қолданысқа өте қарапайым онлайн-сервистердің көмегімен сіз жай ғана түйіндеме емес, өмірлік жолыңыздың, жетістіктеріңіздің, мақсаттарыңыз бен болашақ жоспарларыңыздың графикалық суретін еш қиналмастан жасап шыға аласыз.

Resumup.com

Resumup.com-ның көмегімен жасалған түрлі-түсті диаграмма жұмыс берушінің көңілін аударары сөзсіз. Аталған сервисті толыққанды өз пайдаңызға қолдану үшін тіркеуден өту қажет немесе фейсбуктегі аккаунт арқылы кіруге болады.

Әлеуметтік желілерде көрсеткен ақпараттарға сәйкес «резюмап» алдын ала график дайындап қояды. Ал қалғаны өзіңізге тәуелді – ақпараттарды дұрыстауға, жаңа бөлімдер қосуға, қалаған жалақы мөлшерін көрсетуге болады.

Дайын түйіндеме сізге түрлі-түсті pdf-файл ретінде немесе әдеттегі мәтіндік нұсқада ұсынылатын болады.

Vizualize.me

Vizualize.me – графикалық түйіндеме жасауға арналған өте сәнді әрі тегін сервис. Сайттың мүмкіндіктерін тіркеуден өткеннен соң немесе линкдиндегі аккаунт арқылы кіргеннен кейін қолдана аласыз.

Сайт ағылшын тілінде, дей тұрғанмен бәрі түсінікті. Өзіңіз жайлы презентацияны дайындап болғаннан соң парақшаға сілтеме ретінде жіберуге, pdf-файл ретінде жүктеп алуға, не болмаса туиттер мен фейсбукте таратуға болады.

Resumeo.me

Орыс тілді resumeo.me сервисі инфографика жасау мүмкіндігіне ие болмағанымен, оның көмегі арқылы сіз өзіңіз жайлы видеомен айтып бере аласыз.

Тіркеуден өткен соң сізге бірнеше графаны толтыру ұсынылады – жұмыс тәжірибесі, жеке басыңызға қатысты мағлұматтар, білім, ал содан соң дәл сол парақшада видео презентация жасау.

Kinzaa.com

Ағылшын тілді kinzaa.com сайтында тегін тіркеуден өткен соң сіз стильді графикалық түйіндеме жасай аласыз, тіпті оған компьютеріңізден жүктелген дайын видеоны да қоса аласыз.

Сайтта көптеген бөлім мен тақырып бар, бірақ олардың бәрі, өкінішке орай, тек ағылшын тілінде. Сондықтан әрдайым пайдаңызға аса бермеуі мүмкін. Айта кетсек, түйіндемені бұл сайтта да pdf-файл ретінде жүктеп алуға болады екен. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік жылдарындағы азалы күндер
Тәуелсіздік жылдарындағы азалы күндер
Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая