Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Жүз жасағандардан 25 кеңес

Жүз жасағандардан 25 кеңес

Жүз жасағандардан 25 кеңес

Ұзақ өмір сүрудің сыры неде? Бұл сұрақ талайларды сан мыңдаған жылдардан бері мазалап келеді. Кейде өмірді мәңгі сүргісі келетіндер де табылады. Ал мәңгі өмір сүрген ғұмырдың мәні неде? Ендеше бүгін біз сіздердің назарларыңызға жүз жасағандардың кеңесін ұсынамыз.

* * *

Рут есімді әйел 92 жасына дейін пилатеспен (физикалық жаттығу) шұғылданған. Оның ойлары да ойыңыздан шығуы мүмкін:

  • Күнтізбеге қараушы болма. Тек әрбір атқан таңыңды қуанышпен қарсы ал.
  • Құндылығына қарай қызмет атқар, ол ешқашан сәннен қалмайды.
  • Мен өзімді күніге көшеге шығып серуендеуге, тым құрығанда үйімді айналып шығуға итермелеймін. Мұның сыры – қимыл-қозғалыста.
  • Ешқашан махаббатқа деген сеніміңді жоғалтпа.
  • Жылауға да уақыт таба біл.
  • Ақшаны ойлап, уайымға салынба. Өзіңді жұмысқа жек. Тәжірибең қайда жақсы бағаланса, ақша да сонда болады.
  • Өзіңді өзгелермен салыстырма, ол бақытқа бастар жол емес. Өзгенің ауласындағы ағаш жап-жасыл болып көріне береді...
  • Өзің үшін күніне бір іс тындыр.
  • Өз қорқынышыңды тап та, сонымен бірге өмір сүр.
  • Көп дүниелер өзінен-өзі түсінікті болып тұрады. Оңай жолды қиынға айналдырудың қажеті жоқ.

Адрин Лидің айтуынша, ұзақ өмір сүрудің 4 жолы:

  • Тек қана алға жүр, ешқашан берілме.
  • Көбірек қимыл-қозғалыста бол.
  • Мен суды ағып тұрған шүмектен ішемін.
  • Дүниеден озуға асықпа, егер дүниеден озғың келмесе...

Бақытты табу туралы айтылған ойлары:

  • Сіз әр уақытта өзіңізді бақытты сезінуіңіз керек. Ол үшін әр сәтке көңіліңіз тоқ болуы тиіс.
  • Адамдарды сүйіңіз.

Оқу-білім туралы ойлары:

  • Жоғарғы білім алыңыз. Оны ешкім сізден тартып ала алмайды.

Тағы да жүз жасаған жандардың ақылы:

  • Сөйлегенде жымиып сөйлесіңіз. Күлкі – жанның ең қажетті дәрісі.
  • Біз жас кезімізде өте көңілді болдық. Ұйқы мен асты ұмытқан сәттеріміз де болды. Есейгенде де осылай өмір сүрген дұрыс.
  • Ауру – өте құпия болып келеді. Оған сүйсіне қарау – оны ұмытудың бірден-бір жолы.
  • Мен көп уайымға салынбауға тырысамын. Өмір сүруге құлшынамын.
  • Өзіңе не ұнаса сонымен айналыс.
  • Әзіл-сықақ – өмірде жаныңызға күш сыйлай алады. Кез келген қиын сәттен алып шығуға көмегін тигізеді.
  • Сен біреудің сыртынан күлсең, сен де біреуді сыртыңнан күлдіріп тұрасың.
  • Жасы келу – бұл ауру емес.

Аударған: Әкежан Дәкен

Сурет: yvision.kz

Қосылған күні: 05 ақпан 2014, 15:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.