Махаббат формуласы

Махаббат формуласы

Қабыл алу: дүние жүзінде мүлтіксіз жан болмайды. Басқаны ұнатқан шағыңда, оның барлық нәрсесін, тіпті, кемшілік атаулысын да қабыл алуың тиіс.

Сенімділік: қарсы жаққа сенбеу, қарсы жаққа күмәндану - міне, мұндай өзара тұспалды махаббат бүлінумен ғана тыным алады.

Қамқорлық: қамқорлық деңгейі сіздің қарсы жаққа шынайы мән беруіңізбен бейнеленуі тиіс. Көңіл бөлу тұрғысынан телефон соғып жұмысың қалай немесе күн суық екенін, қалыңырақ киінуді ескертіп айтқан жөн. Десе де осы айтқандарың шындық болуы керек, тек қарсы жақты көңілдендіру үшін болмауы керек.

Түсіну: біз әулие емеспіз ғой, көңіліңде қобалжу немесе басқа себеп болғанда, айталық - қарсы жақ «тұрлаусыз» пиғылда болғанда, оған оғаш мінез байқатпаған жақсы, қайта оны көңілдендіруге тиіспіз.

Ұнату: қарсы жақтың барлық қылығын ұнатқан жөн. Мұндай сүйспеншілдік саған бақыт бағыштайды, осылай болғанда, оған сүйспеншілігің одан әрі артады. Ренжіп өкпелеуге, бұлқан-талқан болуға әсте болмайды.

Еркіндік: некелі болған соң, қарсы жақтың еркін болуына, сондай-ақ өзіне тиесілі кейбір дүниелерді құпия сақтауына мүмкіндік беру қажет. Ол - өмірлік құлың емес. Оны өзіңмен некелі болғаны үшін өзіңе тәуелді деп қарамағаның жөн.

Төлем беру: махаббат - тапсырыс беріп, қайтарып алатын нәрсе емес. Алайда, төлем бермесең, өнімге қол жеткізуге болмайды. Өзің сүйген адамға белгілі жақтан төлем бергенде ғана нағыз сүйспеншілікке жетуге болады.

Шын көңіл: махаббаттың келелі құралы - шын көңіл. Махаббатқа шын көңілмен, бүкіл ынта-пейілмен берілуі қажет. Шын көңіл болмаса, шынайы сүйіспеншілдік қайдан болмақ?

Сүю: сүю - айтар сөздің тиянағы. Сәл ғана ерін тигізу - оны аялауың, оны қорғағаның. Сондықтан өбуге әсте селқос қарауға болмайды.

Кешіре білу: кешірімділік - негіздің түйіні. Сүйген адамыңның қателігіне толғамды позиция ұстанған жөн, оны кешіруге тырысу керек.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: wallpaper.pconline.com 

M. Auelkhan