Пісіп қалған құрбақа

Пісіп қалған құрбақа

"Бастаған ісің көлік сияқты - өз бетімен ол тек жоғарыдан төмен қарай ғана жүреді" - деген америкалық менеджерлердің қағидасы бар...

* * *

"Пісіп қалған құрбақа" феномені. Су құйылған табаққа құрбақаны салып, отқа қойып қыздыра бастағанда құрбақа жылуды біртіндеп сезіп, алай-бұлай жүзіп, ақыры пісіп өлген. Екінші құрбақаны қайнаған су толы табаққа тастап жібергенде, құрбақа бірден ырғып, құтылып кеткен. Өзге тірлікке біртіндеп үйлесермін, келген қауіптен жайлап құтылармын дегендерге үлгі бұл.

Күрескендер жеңілуі мүмкін. Күреспегендер – жеңіліп қалғандар. Ақиқатты үйренгеннен, басынан өткізгені жөн. 

Құламасаң, тұрмайсың. Сәтсіздікті солай бағала. Менің құлауым орнымнан тұрып тағы ұмтылуым үшін керек деп ойла. Жеңістің жүз әкесі бар, жеңіліс – жетім.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: evolutionrevolution.eu 

Л. Лига