Кейбір құндылықтарды әсіре бағалауыңыз керек

Кейбір құндылықтарды әсіре бағалауыңыз керек

Пенде тірліктегі кейбір құндылықтарды әсіре бағалауыңыз керек...

* * *

Сенім. Біреуді құрметтеп, қатты идеал жасаса, ол сенімнің бүлінуі оңай. Мәселен, партия идеясы өте жақсы, бірақ, оған біреулер қатты сеніп, табынуы оны жеңіліске ұшыратады.

Билік. Билікті көп адам жақсы көреді. Ол дұрыс әрі зиянсыз. Бірақ билікқұмар өзгелерді мұқалту арқылы оны зиянды етеді. 

Ақша мен дүние-мүлік. Бұлар қанша болса да, адамға жетпейді. Ақша мен дүние-мүлік аз болса, көлік пен көп қабатты үй болмаса жолым болмады деу, одан жаманы - байларға күншілдікпен, өшпенділікпен қарау және оларды байлығы үшін жеккөру, сол пікір иесіне келер табыс пен жетістікке тежеуіш болады. 

Ізгілік, діндарлық. Ізгілік те, діндарлық та жақсы. Бірақ ізгіліктің сырт бейнелерін жасай немесе діни рәсімдерді орындай жүріп, оны мықтап ұстанбау орынсыз, ал мендегі ізгілік пен діндарлық өзгелерде неге жоқ деп оларды жеккөруге тағы болмайды.

Атақ, даңқ, құрмет. Бұларға ие болғандар өзге қарапайым тобырды жек көрсе, онда зиянды. Мен "жұлдызбын" деу мүмкіндікті шектейді, қалай да жетсем деп бір биікке өлердей ұмтылу, өзгені күндеу, өзіне риза болмау да зиян. 

Мансап, болашақ. Кісі өз болашағын жоспарлап алып, оған жете алмаса, ызалануы немесе уайымға салынуы - зиян. 

Сұлулық пен тартымдылық. Өзін әдемімін деп қызықтап, осының әсерімен өзгелерді өзінен төмен санау орынсыз. Өзін-өзі ұсқынсызбын деп айыптау да зиянды. 

Әдемілік талаптары, қоғамдық пікір. Бұл ересек кісілерге тән. Олар жастардың "әдепсіз" мінезін жақтырмайды. Әскери адамдар мен шенеуніктердің көбі көршілермен аралас-құралас өмір сүрмейді, бұл екі әрекет те орынсыз.

Өмір сүру тәсілі. Кісі өзінің өмір сүру тәсілін өзгелермен салыстырып, сыни көзқараста болса немесе ата-анасы баласының оқуды жақсы көріп, жақсы ақы төлейтін жұмысқа орналасса, үй-жайы, балалары болса дегенді ұдайы ойлай берсе, оның орындалуына өзі кедергі болады. Ондай адам баласы қиялындағыдан басқаша өмір сүре бастаса абыржи бастайды, сөйтеді де оны өз қалауындай өмір сүруге итермелейді, ұрпақтар қайшылығы осындай себептерден пайда болады. 

Адамдардың арасындағы қарым-қатынас. Жақсы тәрбие алған адам өз білетінінен гөрі жұпыны, дөрекі жағдайға түссе көңілі қобалжиды немесе ренжиді, өзінің мәдениетін өзгелерге таңбақ болып түсінбестікке тап болады.

Жұмыс. Көптеген адамдар өмірінің басты мақсаты жұмыс деп есептейді, уақытының басым бөлігін соған бөледі. Сүйікті ісін, болашақ жайлы жоспарлар мен идеяларды, жұмыс бабындағы өсу немесе байлыққа жетуді басты мақсат етеді. Ондайдың жұмысы сәтсіздікке ұшырап тұрады, сол арқылы тағдырдан жиі ескерту алады. 

Білім, интеллект. Бұл қасиеттерге аса көп мән беру ғылыми қызметкерлер мен өнер адамдарына, зиялыларға тән. Бұл қасиет былай алғанда өте орынды болғанымен, білім мен зиялылыққа ұмтылмайтындарды жек көргізетіндей дәрежеде тереңдесе, онда дұрыс болмағаны.

Адамдардың мінез құлқындағы саналылық пен байсалдылық. Мен өз пікірімді біреуге айтып, оны неге тез түсіне қалмады деп ренжісем - орынсыз. 

Тән саулығы. Ауырып қалам ба деп қобалжу, дене бітіміне көңілі толмау немесе өзінен әлсіздік кемсіну - ауруға жол ашады. Тіптен "бәлен жерім ауырып тұр" деп жалған себеп айтқаннан адамның тап сол жері ауырып қалатыны ғылымда дәлелденген. 

Отбасы, балалар. Болашақ отбасын қиялында жоспарлап алып, оның кейбіріне аса мән беріп (махаббатқа беріктік, бой сұлулығы, түсіністік т.с.с.), олай болмаған күнде ренжу проблеманы шешудің орнына тереңдетеді.

Қабілет. Ойдағыдай жетістікке жете алмаса ренжу, өмірім босқа өтті деп түңілу, керісінше үлкен жетістікке жетсе, өзгелерді менсінбеу - керексіз. Бұның екеуі де күнә және оның жазасы болады. 

Жетілу. Өзін немесе біреуді жетілді, толысты деп есептеп, біреулерді сонымен салыстырып менсінбеу - күнә. 

Шығармашылық, жасампаздық. Өз өнерін биікке бағалау әртістерде, музыканттарда, суретшілерде, жазушыларда кездеседі. Бәрі менен төмен, я менің өнерім бәрінен жоғары, мені түсінбейді деу, осы пікірдегі шығармашыл кісілердің қабілетін төмендетеді, түсінбестік тереңдейді, түптеп келгенде, күнәға жетелейді. 

Мақсат. Әркім-ақ алдына мақсат қояды. Бірақ сонысы орындалмай қалса еңсесін түсіру, уайымға салыну, шырт етпе болу мен өшпенділік жазасын алады. Мақсат қою дұрыс, бірақ оны өмірдің мағынасы етудің керегі жоқ. Пенделік мақсат жеңіске жетуге ұмтылушы кез келген сатыда жеңіліс табуға әзір болғанда ғана тез орындалады. 

* * *

Адамдар туғанда бірдей, өлгенде бірдей емес... 

Автор: Әкежан Дәкен

Сурет: subscribe.ru

Л. Лига