Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Қыста не істеп үлгеру керек?

Қыста не істеп үлгеру керек?

Қыста не істеп үлгеру керек?

Көзді ашып-жұмғанша қыс мезгілінің ортасына да келіп қалдық. Кейбірі қыста еш қызық таппай, күнделікті өмірдегі қарбаласпен өткізуді жөн көреді, ал кейбірі тек қана қыс мезгіліне тән қызықтардан құр қалмай, көңіл көтереді, жақсы әсер алады. Жақында Жаңа жыл. Онымен бірге бірнеше демалыс күндері бірге келеді. Бос уақытты пайдаланып, қалай көңіл көтеруге болады екен? Тізіп көрейікші.

Мұзды төбешіктен сырғанау, неғұрлым биік әрі ұзақ болса тіпті жақсы – керемет әсер аласыз!

Коньки тебу. Алматылықтар үшін, әлбетте, Медеу мұз айдыны таптырмас алаң. Сонымен қатар, әр қалада кішкентай мұз айдындары ашылып, дамып келеді.

Шаңғы тебу. Сырт көзге қиын көрінгенімен, іс жүзінде бұл сондай қиын емес. Тәуекелге барып, бұл өмірде бәрін көру керек емес пе?

Биік таудан шанамен түсу – нағыз адреналин!

Ауызбен қар ұшқынын тосып алу, мұз жалау – балалық шақты еске алайық та!

Қарға аяқ киім іздерін әдемілеп қалдыру, әсіресе жаңа түскен қардың бетіне.

Қарға жатып, қолыңды жоғары-төмен сермеу – көбелек жасауды ұмытпаған шығармыз?

Сүмелек мұздарды құлату – жай қызық үшін.

Күртік қардың тереңдігін өлшеу – әңгіме айтқанда да сандармен нақтылап айтасыз, қызық емес пе?

Отбасымен қар үстінде доп ойнау – құласаң да ештеңе етпейді, бір жағынан жүгіріп, терлеп, керемет әсер аласыз.

Қатып қалған терезеге сурет салу.

Аққала жасау немесе қардан басқа да фигуралар жасауға болады – фантазияңызға байланысты.

Қар атысып ойнау – мұнсыз қалай енді?

Қысқы орманда серуендеу. Орман болмаса, саябақта бір уақыт серуендеп, фотосессия жасауға да болады.

Ағашты сілкілеп, қолдан қар жаудыру.

Жауып жатқан қардың астына бетіңді төсеп тұру.

Қолғапқа түскен қар бүршігін анықтап тамашалау.

Ауыздан бу шығару.

Табиғат аясында «ыстық» пикник ұйымдастыру – термосқа құйылған шаймен немесе тағы басқа ыстық сусындармен.

Күрекпен қар тазалау – бұл да жаттығу.

Бір-біріңді омбы қарға лақтырып, ойнау.

Үйге шырша немесе қарағай бұтақтарын алып келу, аязда олардың иісі мүңкіп тұрады.

Жауған қарды тамашалау – бұл да бір жағынан жүйкені тыныштандыратын терапия.

Түнде оянып, не таң атқанын, не әлі түн екенін айыра алмай даурығу.

Ал сіз тағы қандай қысқа тән қызықтарды білесіз, бөлісе отырыңыз?

Сурет: sims3-game.ru, fonday.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 25 желтоқсан 2013, 14:14

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.