Бәрінен маңызды: күнделікті іс-қимыл

Бәрінен маңызды: күнделікті іс-қимыл

Әйгілі өнертапқыш Томас Эдисон: "Данышпан - бұл 1% талант пен 99% еңбек" - деп айтқан екен. Солай екені рас та шығар, осы орайда жуырда шыққан "Manage Your Day-to-Day" жинағынан талқыға түскен тақырып төңірегінде зерттеушілер мен кәсіпкерлердің, жазушылар мен есімі әйгілі тұлғалардың ойларын бөлісе кеткіміз келеді. Бірнеше үзігін назарларыңызға ұсынғалы отырмыз...

* * *

Қоршаған айналаны кінәлауды қойып, жауапкершілікті өз мойныңа алатын кез келді: Жерде өнімді еңбек етуге қолайлы, бір сөзбен айтқанда, керемет жұмыс орнын ойлап тапқанша, жұмыстағы ең қиын деген ауыртпашылықтарымыз жабайы һәм қарадүрсін мінез-құлқымызға бағынышты. Ақылына келгенде, нені және қалай жақсы атқара алатынымызды біздің өз іс-әрекетіміз анықтайды. Сытылып емес, белсенді түрде жұмыс істей алуымыз және жұмыс істеу күн тәртібіндегі әдет-қылықтарымыздың систематикалық түзелудегі сәттіліктері біздің ойымыздың (идеямыздың) ақиқатта жүзеге асуына жол ашпақ. 

Қысқа уақыт аралығында істей алатынымызды асыра бағаласақ, ұзақ уақыт аралығында асықпай әрі аптықпай жүзеге асырып, жеткізе алатынымыздың бағасын еш бере алмай әдеттенгенбіз. XIX ғасырдың табысты жазушысы Энтони Троллоп Британдық пошталық қызметпен бірлесе отырып, "күнделікті кішігірім істер күнделікті орын алып тұрар болса (егер олар күнделікті орын алып тұрса), онда Геркулестің қызба тірлігінен озып кетпек" деп пайымдаған. Және бұл тұста күнделікті әдеттенген іс-тірліктің өнімділік пен тапқырлыққа ілгері жол ашатындығына шек келтірмеңіз.

Әр күні (әр сәтте) сіз өз мақсатыңыздың арман жолына бағыт ала түсесіз. Сол себептен де, жазушылық машықтағы күнделікті машақат пен блог жүргізу іс-тірлігі өте-мөте пайдалы болмақ. Өсіп-өркендеу (прогресс) көңіл тұрақтатып, шабыттандыра түссе, үрей сезім мен таңырқаныс күні бойына еш тірлік бітірмеген кезде туындамақ. Абыржу мен прокрастинация күнделікті ауыр тірліктің тосын бір бүйірі саналады. 

Күнделікті іс-тірлікке есеп беру еңбек іс-көзіне (факторына) оңтайлы әсер етуі мүмкін. Күнбе-күнгі тәртіпті жоспарлау үшін оған алыс шетінен қарап, ойларымызды көгертер тұста өзіміздің шығармашылық өсіп-өну кезеңімізді оңтайландыруымыз қажет. 

Жұмысты жұмыс істегіңіз келмей тұрған сәтте де (әсіресе, сол сәтте) жасау керектігін түсініңіз. Көптеген адамдар уақыт өте тапқыр бола түседі. Бірақ, егер сіздің осы іс-тірлігіңізге мамандығыңыз байланысты болса, онда бір ғана сезімнің жетегінде айналмауға тиіссіз. Тілек-мақсатыңыз жұмысыңызды хоббиден айырмалап тұруы ләзім.

Өсіп-өркендеудің құпиялары:

Әлі кіріспеген ісіңіз - іс-қимылдардың ішіндегі ең бір шаршатқаны...

Күндер ұзақ, есесіне жылдар қысқа. 

Чемоданыңыздан үнемі көп орын табылатын болсын. 

Осы уақыт ішіндегі ең маңызды іс - осы қазір істеп отырған іс.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: studio154.it

Л. Лига