Жаратылысыңыз жайында білгіңіз келсе...

Жаратылысыңыз жайында білгіңіз келсе...

Назарларыңызға ақыл-ой иелерінің адам жаратылысы жайында айтқандары:

* * *

Адам жер бетінде барлық бағытта жол салуға өмір сүреді. Және мұның бәрі - ақиқатқа баспайтынын ерте күннен біле отырып жүзеге аспақ.

А. Труайя

Өз жолын табу, өз орнын табу - өз-өзіне айналу деген сөз. 

Әйел майданы - ер бойындағы жан қуатын, ізгі құмарлықтардың тозаңын ояту, сезім мен ұлы биікке, ұлылыққа қол созған ұмтылысты қолдау - міне, осы тағдыр - ұлы әрі қасиетті тағдыр жолы. 

Виссарион Белинский

Адамның шын бағыты (тағдыры) - бар болу емес, өмір сүру. 

Джек Лондон

Әрбір адам әлдебір іс үшін туылады. 

Эрнест Хемингуэй

Өз бағытын, тағдырын танымаған жандар көбіне жеке басының қадір-қасиет сезімінен жұрдай келеді. 

Федор Достоевский

Өмірдің мақсаты - ой білдіру. Үлкен міндет - өз алдыңдағы қарызың. 

Оскар Уайльд

Өз соңыңнан қуанышты бұрынғыдан артық, білім-танымды бұрынғыдан көп қылып қалдыруға тырысу, мұрегерлікке жалғанған ізгіліктерді жақсарту және көбейту - міне, біз айналысар іс осы. 

Дени Дидро

Адам жерде бай болу үшін емес, бақытты болуы үшін өмір сүреді. 

Стендаль

Темір қолдау таппай тот басады, тұрған су құрияды немесе суықта қатады, ал адамның ақыл-ойы өзіне қолдау таппай, солады. 

Леонардо да Винчи

Адам ойлау үшін жаратылған. 

Блез Паскаль

Адам рахат-ләззат үшін емес, қуаныш үшін туылған. 

Поль Клодель

Құнды құжаттарда адамның қашан, қай жерде туылған жайлы айтылғанмен, не үшін туылғандығы туралы айтылмаған... 

Мориц-Готлиб Сафир

Сенің іс-әрекетің ғана сенің бағалалығыңды анықтайды. 

Адам қоғам ортасында өмір сүруге бағытталған; ол қоғамда өмір сүруі тиіс; егер ол бөлектеніп өмір сүріп жатқан болса, онда ол жарты, таусылған және өз-өзіне қарсы тұрған адам.

Иоганн Фихте

Жерге келіп жетуіміздің бар мән-мағынасы осы: ойлау мен іздеу және ертеректе жоғалған дыбыстарға елту, себебі, олардың артында біздің ақиқат өміріміздің шындығы жатыр. 

Г. Гессе

Мақсат пен жол таңдаған жан бақыт нұрына бөленеді. Және сол өмірден мән ырғасын көреді. 

Ф. Шеллинг

Ойсыз өмір сүрген уақыттар бақытты өмірге жатады. 

Софокл

Адамның болмыс-бітімі жұмбақтау және осы бір жұмбақ мағынасыздыққа көбірек келіңкірейді. 

М. Горький

Аударған: Әкежан Дәкен

Сурет: extrasenstop.ru

Л. Лига