Махаббат қалтафон сияқты

Махаббат қалтафон сияқты

Махаббат қалтафон сияқты, сен оның шырылдап безек қағуын аңсаған сәтте оның тілі байланып қалады. Ал, зейін салмаған кездеріңде аяқ астынан шыр ете түседі. Сондықтан, біз көп жағдайда жайсаң көңілден құр қалып жатамыз.

Махаббат телефоны бірден қоңырау шалмайды, бірден жүрек түкпіріне ұяламайды, «Ало» деген сәтте бірден жауап бермейді. Қайта ол, адамның өзін бір арнаға салып отыруын, сабыр түбі сары алтын деп күтуін қажет етеді. Осы телефонның жалғаушысы болған тағдыр қашанда жауапкершілігінің кемдігінен немесе әзілқойлығынан өміріңді өксітіп жатады.

Махаббат атты телефонның желісі үнемі бос болмайды, сен ғашық болып жан-тәніңмен берілмекші, махаббат үшін жан қимақшы болғаныңда, басқаның қоңырау шалып, телефонды жалғап болғанын байқайсыз. Сіздің қоңырауыңыз жауапсыз қалады. Бұл сезім әлемі үшін үзілісі жоқ өкініштердің бірі ғана. Сіз тағы бір ауыр күрсініп, адам болып қала бересіз.

Бұл телефон кейде тіпті елпек болып кетеді. Басып қалсаң бірден «Әлө» деген үн естіледі. Бірақ, сіз мұны арзан сезімге балап, тұтқаны тастай саласыз. Сіз қайта ес жиып болғанша, бұл нөмір босамай қалады.

Бұл телефонның әрбір сәтін меңгеру қиынның қиыны. Кешігіп жатсаңыз да, асығып тұтқа көтерсеңіз де ол жалт береді.

Бұл телефон кісіге бақыт сыйлай бермейді.

Осы қалтафонды алғаш қолға алғанда, сасқалақтап, тебіреніп, тұтқаны теріс ұстап алатын, нөмірді қате басатын кездер де болады. Ал, сасқалақтамайтын, тебіренбейтін болғаныңда кімге қоңырау шаларыңды білмей дал боласың.

Бұл желіге толық дайындық болмаған сәтте, сіздің желіңізге таласушылар көп болуы мүмкін, не басқаның желісі үнемі байланыс аясынан тыс жерде болады.

Бұл телефонда жалғыз-ақ ерекшелік бар, ол – оның қуат көзінің мәңгі таусылмауы.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: wx.com

M. Auelkhan