Келер аптаның 7 ісі

Келер аптаның 7 ісі

Сәлем, достар! Тағы да апта тәмамдалып қалыпты. Ендеше, дәстүрлі түрде шығып тұратын жұманың жеті кеңесіне назар салыңыз.

1. Бәріміздің осы өмірден алуға ұмтылатын еншіміз - бақыт. Бақытты болу үшін не істеу керек екен деп басымызды тауға да, тасқа да соғамыз. Тоқтаңыз! Бақытты өмір сүрудің кілтін біз білеміз.

2. Өз денсаулығыңызды қолға алатын кез жетті. Денсаулыққа қауіп күнде сүйікті сериалдарымыз бен қызықты бағдарламаларды көретін теледидардан туып тұр екен. Жазбаны оқып шыққан соң, теледидарға қарағыңыз да келмей қалды ма? Уайымдамаңыз, тек теледидарды қай бөлмеге қойғанның дұрыстығын білсеңіз болғаны.

3. Күнде осы тап ертең ерте тұрам деп уәде берсеңіз де, уәдеңіз орындалмай қалып, өз-өзіңіздің алдыңызда ұятты болып жүрсіз бе? Жағамызға жармасқан көп ұйқыға тосқауыл қоятын кез жетті! Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырыңыз ұйқымен өтпесін...

4. Айдың күні аманында төңкерілген үй тұрғызатын адам болмысы не деген жұмбақ еді! Мен ол - мен. Кейде өзіміз жайлы осыдан артық нәрсе біле алмай, дал боламыз. Өз-өзіңізді тану үшін адам болмысы туралы қызықты фактілер көмектесіп қалар...

5. "Титаник" киносының жаңарған нұсқасын көрген шығарсыз? Қалай әсеріңіз? Ал әлі көрмеген болсаңыз, әйгілі фильм туралы аңыз бен ақиқатты біліп барыңыз. Аңыз фильм туралы жер-жаһанда сан түрлі әңгімелер таралған. Ал фильмдегі көк түсті алмастың орнына басқа тас пайдаланылғанын білесіз бе?

6. Шын мәнінде кішкентай балақайлардың психологиясын түсіну қиынның-қиыны. Ініңіз не сіңліңіз, қарындасыңыз не өз балаңыз жүйкеңізді жұқартып, оған қалай жақсы тәрбие беремін деп қиналсаңыз, мына кеңестер кәдеңізге жарап қалар...

7. Сайтымыз тәй-тәй басып келеді. Қолданушыларымыздың арқасында өзіміздің қазақи ортамыз пайда болды. Массагеттің бір-біріне тосын сый жасауға құмар қолданушылары бүгін кешкі сағат 19:00-де Алматы қаласында бірінші рет "массагеттіктер" деген атпен бас қоспақ. Көңілді кездесуден сіз де қапы қалмаңыз!

Аптаның аяғы сәтті өтсін, достар! Елең еткізер жазбаларыңыз болса, бізбен бөлісуді ұмытпаңыздар!

сурет: skribka.beon.ru

Massaget