Күз - жұмыстың мезгілі

Күз - жұмыстың мезгілі

Таңдауға талас жоқ десек те, жылдың қыс, күз секілді суық мезгілдерін жақсы көрмейтін адамдар саны көп. Ол мезгілдерде қалың көрпеге оранып, жылдам өтіп кетуін күткенше, қажетті істерді тындырып алған тиімдірек. Төмендегі іс-әрекеттерді орындау арқылы жазға көтеріңкі көңіл-күймен жетуге болады:

Тамақ алдында жылыну

Сырттан мұздап үй ішіне кіргенде суық салаттарды қабылдасақ тағы біраз мұздай түсуіміз мүмкін. Алайда жаңа піскен жемістер мен көкөністердің арқасында күні бойы сергек жүруге болады. Сол себепті олар үнемі дайын тұруы керек. Олардың тоңазытқышқа салынбағаны жөн. Бірнеше күн бойы бөлме температурасында сақтай беруге болады және жеуге де ыңғайлы.

Таңертең лимон қосылған шәйдің көмегімен бойды жылытып алуға болады. Лимонның орнын лайм мен бал баса алады.

Ғалымдардың зерттеуінше, тамақ ішпес бұрын отырып-тұру, секіру, баспалдақпен жүру секілді жеңіл жаттығулар жасап алған денсаулыққа пайдалы әрі астың жылдам қорытылуын қамтамасыз етеді.

Жыл бойы астың дұрыс қорытылуын қамтамасыз ету


- Түскі ас пен кешкі асты жаңа сатып алынған көкіністерден бастау керек.

- Майдың қай түрі болсын аз пайдалануға тырысқан жөн. Кез келген майдың артық мөлшерде ағзаға түсуі аурулардың пайда болып, артық салмақ қосуына себепші.

- Тазартылған майды қолданудан да аулақ болған дұрыс. Тамақ қуырған кезде какос майын пайдалануға болады.  

- Ақ күріш пен макарондарды тары мен гречкаға алмастырған жөн.

- Пастерлеуден өткен сиыр сүтін неғұрлым аз пайдалануға тырысу керек.

- Су мен шәйді тамақ ішіп болған соң бір сағат өткен уақытта ішкен жөн.

- Шаш пен терінің саулығын қамтамасыз ететін көк шөптерді көбірек пайдалану бойға күш-қуат сыйлайды.

- Құрамы қарапайым тағамдарды асқазан жылдам қорытады. Және түс мезгілінде энергияға толып жүруге пайдасын тигізеді.

Жеңіл киіну


Көше де болмаса да, үйдің ішінде жеңіл киініп жүрген дұрыс. Салмақ салып, денені қысып тұратын киімдер көңіл-күйге әсер етеді. Кіммен бірге тұрып жатқаныңызға қарамастан, жеңіл киініп жүрудің арқасында белсенділікті арттыруға болады. Үйді жылытып тұратын құрылғылар бар болғандықтан, бұны жүзеге асыру қиынға соқпайды.

Бір сәт


Жазда теңіз жағасында күнге қыздырынып жатқанға не жетсін деп үздіксіз армандай беруге болады. Немесе оның орнына жылы киім киіп алтын түстес жапырақтар мен ақша қардың өзгешілігіне де таң қалуға болады. Ауа райы күңгірт болып тұрған кездің өзінде далада көбірек жүрген пайдалы. Күндізгі серуен жағымды әсер сыйлап, көздің көру қабілетін жақсартады. Бұл мезгіл жарты сағаттық серуенмен ерекшеленуі тиіс.

Өзгерістер


Жаз мезгілінде демалсақ, күз бастала салысымен қызу жұмысқа кірісіп, барымызды ретке келтіре бастаймыз. Осы мезгілдің жұмысқа қолайлылығын пайдаланып түрлі билерге қатысып, үйімізді ретке келтіріп, сурет салып үйренуімізге болады. Жайсыз ауа райы – жазда жасай алмаған істердің орнын толтыруға нағыз қолайлы уақыт. Суық мезгілде достарыңыз бен туысқандарыңыздың ыстық ықыласымен жылыныңыз!

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: nastol.com