Кеңсе жұмысын жеңілдететін кеңестер

Егер сіз кеңседе жұмыс істейтін болсаңыз, онда сізге үнемі өнімділікті арттыруға, уақытты үнемдей түсуге, еңбек жолында жақсы кеңістік түзуге өзіндік әдіс табылуы керек. Бақытқа орай, осынау тапсырмаларды жеңілдетуге арналған қарапайым қулықтар бар.

Өзіңізге қажетті ток сымдарын үстел алдында ұстауға, шатастырып алмай жолыңыздан алып тастауға қағазға арналған қысқыштарды пайдаланыңыз. 

Пакетке арналған бауларды, шашқа арналған ұстағыштарды аяқ астында жатқан ток сымдарын жинауға пайдаланыңыз. Сымдарды жай ғана дөңгелете орасаңыз, жетіп жатыр. 

Смартфонға арналған сүйеуіш ретінде аудио-кассетаның ескі құндағы жарап қалады. 

Егер сіз жұмыс үстеліңіздегі керек заттардың бәрі өз орнынан табылсын десеңіз, ілме жабысқақты пайдаланып көріңіз. 

Егер сіз кеңседе  ұзаққа отырып қалсаңыз және өз смартфоныңыздан ән тыңдағыңыз келсе, әжетхана қағазының қатты қағазынан және сызба түймеліктерінен импровизацияланған динамик жасай аласыз.

Егер жейдеңізді үтіктеуге уақыт табылмайтын болса, уайым жемеңіз. Шашқа арналған түзеткіш жейденің жағасы мен манжетіне тамаша өң беріп тұрады.

Таспаның (лента) бір үзігі мен желім арқылы компьютер пернетақтасындағы шаң-тозаңды тазалауға болады. 

Жұмыс уақыты кезінде буындарды бір қозғап алуға уақыт табыла бермейтіні анық. Бұл проблеманы орындықты үлкен гимнастикалық допқа ауыстыру арқылы шешуге болады. Немесе жұмыс орнын тұрып істеуге болатындай етіп жасақтаңыз.

Үйіңізде немесе жұмыс орныңызда ток сымдары аяқ астында оралып, шашылуға септеспеуі үшін қуатталатын мобильді қондырғыға қапшық немесе кәрзеңке жасаңыз.  

Ескі CD-дискілерден стақан қоюға арналған керемет бұйым шығады.

Кеңседе маркер немесе бормен жазылатын тақта орнатыңыз. Әртүрлі майда-шүйделері жазып отыру арқылы еш нәрсені ұмыт қалдырмайсыз.

Кеңсе жұмысын жеңілдетуге арналған өз кеңесіңізбен бөлісе отырыңыз... 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: estilando.com.br; itsalmostgenius.com; makeit-loveit.com