Тізімделген істің 1-3-5 ережесі

Тізімделген істің 1-3-5 ережесі

Тізімделген істер жиынтығы әдетте жай ғана көп болғандығы үшін орындалмай жатады. Тізім құра отырып, сіз мұның бәрін қалай жасап үлгеру керектігін және ең бірінші кезекте нені істеу керектігін ойланбайсыз.  1-3-5 ережесі бұл қателіктің алдын алуға көмектеседі, демек сіздің тізімделген істеріңіз шын мәнінде пайда әкеледі деген сөз. 

1-3-5 жүйесінің бағыты қарапайым: Тізімделген істерде сіз ең бірінші кезекті бір маңызды әрі салмақты, сосын үш орта деңгейлі (қиындық тұрғысында) және бес майда істі аласыз. Қорыта айтқанда, сіздің тізіміңізде күніне істелуі керек 9 іс күтіп тұрады - былай қарасаң, көп те емес, бірақ егер солардың ішінен төртеуі үлкен мән-маңызға ие болып шықса, өнімділік көз алдыңызда өсер еді. 

Неге бұл жүйе жұмыс жасайды?

Әр күн сайын өз іс-мақсаттарыңыздың мән-маңыздылығын айқындай отырып, сіз бірінші кезекте нені істеу керектігін, ненің күте тұратынын бағамдайсыз. Әрине, сіздің тізімделген істеріңіз оралымды болуы мүмкін - егер сізде маңызды кездесу күтіп тұрса, сіз бір орта деңгейлі және екі майда істерді кейінге қалдыра тұрасыз (кейінгіге бір жақсылап дайындалып алу үшін). 

Орындалуы міндетті тоғыз нақтылы іс сізге "еш нәрсеге үлгермей жатырмын-ау" деген сезім ауанынан арылуға көмектеседі. Әр күн сайын маңызды істердің басын шала отырып, сіз біртіндеп тау қорғанды (егер ондайлар болып жатса) бұзып тынасыз. Екінші бір жағдайда өз өнімділігіңізді арттыруға септесесіз. 

Кеңес: әр уақытта тізімделген істердегі жасалған істерді түртіп алып отырыңыз және келесі күнге кез келген жағдаятта жасалуға тиіс бір-екі маңызды істі жоспарлап қойыңыз. 

Өз жетістігіңізге қарай отырып және бұл күні еш іссіз құтылып кете алмасыңызды біліп, сіз күні бойына дұрыс ырғақ аласыз. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: cleanipedia.me

Л. Лига