Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Осы демалыста Алматыда не істеймін?

Осы демалыста Алматыда не істеймін?

Осы демалыста Алматыда не істеймін?

Демалысты үйде өткізгенді қойып, серуендеп, қаланың мәдени өміріне қатысыңыз. Ал біз сізге қайда баруға болатындығын айтамыз.

Халықаралық "Бастау" кинофестивалі

Алматыда студенттерге арналған 3-ші Халықаралық "Бастау" кинофестивалі өтуде. Шара аясында Еуропа, Азия мен Америка елдерімен қатар қазақстандық жас режиссерлердің фильмдері ұсынылады. Биылғы кинофестиваль "Халықтардың этномәдениеті – ғасырларды байланыстырады" тақырыбында өтеді. Кинофестивальді "Бастау" киномектебі, Алматы қаласының Әкімшілігі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, «Кинокомпания Танарис Продакшн» ААҚ, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы, Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ ұйымдастырып, демеу көрсетуде.

Шара 16-20 қазан күндері "Цезарь" және "Арман" кинотеатрларында, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында өтеді.

Варшавалық пілдер циркі

13 қазаннан бастап 10 қарашаға дейін Алматы циркінде Варшавалық Пілдер Циркінің "Саванна сырлары" атты бағдарламасы өтеді. Бағдарламаға ат, түйе, кенгуру, тотықұс, қабылан, маймылдар өнер көрсетеді. Акробаттар, гимнасттар да қатысады. Әр қойылымда күлкілі сайқымазақ Гагик болады. Циркке билет бағасы 1500-5000 арасында.

"Қайрат" пен "Ордабасы" кездесуі


"Қайрат" футбол командасының осы маусымдағы үйдегі соңғы ойыны өтеді. Бұл матчта алматылық "Қайрат" шымкенттік "Ордабасымен" кездеседі. Ал Орталық Стадионға ертерек келгендер оның 55 жылдығына арналған мерекелік бағдарламасына қатыса алады. Ойын 19 қазанда сағат 19.00-де болады.

Отбасылық "Алма" фестивалі

20 қазанда Республика Сарайында өтетін "Алма" фестивалі отбасылық адамдарға бағытталған. Отбасылық уақытты өткізу мақсатында жасалған фестиваль аясында қолөнердің түрлері бойынша мастер-класстар мен сабақтар, көрмелер өтеді. Шара сағат 11.00-де басталады, кіру құны – 1500 тг.

Ал сіз осы демалысты қалай өткізесіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: headline.kz, ethicso.blogspot.com

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 18 қазан 2013, 19:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.