Жаяу жүргінші жолы жайлы 5 аңыз

Жаяу жүргінші жолы жайлы 5 аңыз

Күз келісімен жол жүрісінде жиі ережелер бұзылып, қақтығыстар орын алып тұрады. Мамандар мұның сырын температура мен ауа-райының өзгерісімен байланыстыруда. Осы уақытта көшелерден мектеп оқушыларының бойы көрініп, көпшілігі бірінші рет өз бетімен көшеден өтіп жатады. Бүгін біз халықаралық зерттеулерге иек арта отырып, жаяу жүргіншілер жолы (пешеход) жайлы аңыздарды тізіп шықпақпыз.

Бірінші аңыз: Жасыл шам жанғанда қауіпсіздікті толық сезіне отырып, көшені кесіп өтуге болады.

Дерек: Жасыл шамның жануы шамалы тоқтап, көліктердің жүрісін бағамдап алуды білдіреді. Жолға түспес бұрын алды-артыңызға, сол жақ пен оң жағыңызға қарап алып барып өтіңіз. 

Екінші аңыз: "Жолақ" ("зебра") - қауіпсіздік кепілі. 

Дерек: "Жолақпен" өте беруіңізге болады, бірақ, жан-жағыңызға қарап алыңыз. Жолақ үстінде тоқтауға, еңкеюге, ойнап кетуге болмайды. 

Үшінші аңыз: Егер сіз жүргізушіні көрсеңіз, жүргізуші сізді көрді деген сөз.

Дерек: Жүргізуші сізді көрмеуі мүмкін. Алдымен жол үстіне қарап алып, жүргізушінің сізді көргеніне және өткізіп жіберетіндігіне көз жеткізіңіз.

Төртінші аңыз: Егер сіз жаяу жүргінші жолында (пешеход) тұрсаңыз немесе жасыл шаммен көшеден өткенде, жүргізуші тоқтайды. 

Дерек: Жоғарыда келтірілгендей, жүргізуші сізді көрмеуі мүмкін. Көлік ережені бұзып, бағдаршамның тыйым салған шамына қарамастан немесе алды-артын бағдарламай, жаяу жүргіншіні көзге ілместен өтіп кетуге тырысуы мүмкін. Сондықтан, жолдан өтпей тұрып, қауіпсіздікті тағы бір бағамдап алған дұрыс. 

Бесінші аңыз: Түн ішінде ашық түсті киім киім жолда бірден көрінеді.

Дерек: Ашық түс түнде сізді көрсете бермейді. Әр уақытта жарық беретін зат ұстап жүрген дұрыс. Сосын, түн ішінде жүріп-тұрудың тағы бір ережесі: әрқашан қозғалысқа қарсы жүріңіз. 

* * *

Аталған жол қауіпсіздік ережелерін жүргізуші ғана емес, сонымен бірге жаяу жүргіншінің де білгені дұрыс. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Cурет: nnm.me

Л. Лига