Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Қоғамдық көлікте аяқты алшайтып отыратындарды «сүндеттемек»

Қоғамдық көлікте аяқты алшайтып отыратындарды «сүндеттемек»

Қоғамдық көлікте аяқты алшайтып отыратындарды «сүндеттемек»

Ұлыбритания дейтін мәдениетті елде қоғамдық орында аяқты алшайтып отыруға қарсы дау туды. «Енді ме?» дерсіз...

Бұл даудың ушыққаны соншалықты, оған тіпті кейбір жоғары шенді шенеуніктер де өз пікірін білдіріп жатыр. Мәселен, елдің бұрынғы ішкі істер министрі болған Джеки Смит мәселені шешуге бел буып отыр.

Ал бәрі де шотландық актер Ричард Мэдденның (суретте) қоғамдық көлікте аяғын алшайтып отырған суретінің Tumblr платформасындағы Men Taking Up Too Much Space On The Train блогына жарияланғанынан басталған. Суретте «Тақтар ойыны» («Игра престолов») фильмінің әйгілі жұлдызы Лондон метросында «мәдениетсіздеу» мәнерде отырғаны бейнеленген.

The Daily Mail агенттігі жариялаған осы бір түйткілдің арты дауға ұласпас па еді, қайтер еді, егер сыныққа сылтау іздеген басылымдар бұл тақырыпты көшіріп баспағанда. (Копирайтпен айналысқан басылымдардың ішінде тіпті The Observer секілді даңқты БАҚ-тың болуы да өзінше бір қызық жәйт). Бұл жарияланымға кейбір оқырман тіпті Мэдденді «сүндеттеу» керек екенін айтып, кейінде The Observer жазалаудың мұндай жолын «тым ауыр» санайтынын жеткізген.  

Британияның ІІД бұрынғы министрі болса, өз кезегінде Мэдденның отырысын ақтап алғысы келеді, оның ойынша актердің бұлай отыруының басты себебі ер адамға тән физиология екен.

The Observer журналисі Барбара Эллен Смитпен сұхбаттаса отырып, актердің отырысында бір мақтаншақтыққа келіңкірейтін астар бар екенін және аяғын жинап отыра алатын еркектердің бар болуы себепті әйгілі жұлдыздың да қоғамдық көлікте «түзу» отыруы керек екенін ашып айтқан.

Барбара Эллен сөз соңында «Мен қоғамдық көлікте төсі үлкен әйел адамның ер кісіге тақап немесе аяғын еркектің орнына қойып алатынын көрмеппін. Әр адамның өз кеңістігі болуы керек, және оны ешкім де тартып ала алмайды» депті.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: furfurmag.ru

2126 9
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 25 қыркүйек 2013, 11:47
Пікірлер
+0
25 қыркүйек 2013, 11:19

жапондар мен кәріс елінде автобуста еркектер мен әйелдер сұмдық қатынастық жасай береді екен деп естігем. :shock:

+0
25 қыркүйек 2013, 12:14

ол қандай сонда?

+0
25 қыркүйек 2013, 12:59

дұрыс, сонан соң дәу сумкаларын иығына асып алып бақырайып тұратындарды жазалау керек

+0
25 қыркүйек 2013, 15:11

Қыздар аяқтарын жинап отырады, ал біздер, қанша байлап қойсаң да ашылып кетеді жан жаққа. Ал не істейсің, кесіп алалсаң кесіп ал! :D

+0
25 қыркүйек 2013, 15:47

Иә, расында да ер адамның физиологиясы осындай ғой. Айтпақшы, қоғамдық орындарда, транспорттарда мәдениетсіздікпен қалай күресуге болады? Қалай ойлайсыздар? Суретке түсіріп алып, осы сайттағы форумға талқылаймыз ба? :D

+0
25 қыркүйек 2013, 17:09

ЖП ларды талқылайық! :lol: :lol: :lol: , ЖП - Жол Полициясы :D

+0
25 қыркүйек 2013, 16:40

давай,талқылайық :lol:

+0
25 қыркүйек 2013, 20:24

қаз қумаңдарш кішкентай балдар құсамай

+0
25 қыркүйек 2013, 20:55

әркім өз аяқтарына еге болсын,афтобуста әсіресе ұлдар талтайып отырат 180 градусқа :twisted: :twisted: :twisted:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев