Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Интернеттегі таныстық ережесі

Интернеттегі таныстық ережесі

Интернеттегі таныстық ережесі

Интернет бетіндегі таныстық күн өткен сайын жаңа бетбұрыс алып бара жатыр.  Барлығының мақсаты, түп төркіні бір: жақсы бір жанды жолықтыру. Алайда, ниет түзу болғанымен, анкета толтырудағы немкеттілік көп жандарға жақсы жандармен танысуға мүмкіндік бермей келуде. Не істеу керек?

Интернетте таныстыққа арналған небір тақырыптық форумдар мен танысуға арналған сайттар бар. Сізге міндеттелетіні, сәтті шыққан бір суретті жүктеп, өзіңіз туралы азды-кемді айта кетуіңіз керек. 

Бұл іс-қимылға көшпестен бұрын:

а) Болашақ таныстықтан не күтесің?

б) Жай ғана әңгімелесу ме, одан да мән-маңыздысы ма? Алдымен анықтап алыңыз. 

Осыған байланысты алдағы іс-әрекетіңіз анықталады.

Дұрыс сурет таңдаңыз

Виртуалды албырттық үшін жағалауда волейбол ойнап жүрген немесе жағалауда жейдесіз отырған суретті таңдаңыз. Фотосуреттің кәсіби шыққанын қадағалаңыз. 

Күрделі әрі салмақты қарым-қатынас үшін сурет ойлы болуы тиіс - мәселен, өзен-көл жағасында немесе кафе алдында таңертеңгілік газетпен.

Анкетаға шындықты жазыңыз

Желідегі Бірінші (және басты ереже)  қауіпсіздік: бірінші таныстыққа бөлісуге келмейтін анкеталық мағлұматтарды қалдырмаңыз (телефон нөміріңіз,  үй мекен-жайыңыз, жұмыс орныңыз).

Анкетада өтірік айтпаңыз. Сіз желіде адаммен бетпе-бет кездесу үшін танысасыз. Онда өзгенің және өзіңіздің уақытыңызды босқа жұмсап не керегі бар? Ал кенет ол да сіз ойлаған жылдың сүйкімді бикеші болмай шықса ше?

Өзіңіз туралы айтыңыз

Бұл бөлім сурет секілді өте-мөте маңызды. Үміткерлердің профилін көре отырып, қыздар алдымен суретке, сосын барып мағлұматқа көз жүгіртеді.

Нашар нұсқасы - жай ғана өзіңіздің хоббиіңіз бен қызығушылықтарыңызды тізе кету ("футболды жақсы көремін, балық аулауды және фантастиканы сүйемін" - мұндай-мұндайға кәрі қыздың өзі де алданбайды).  Мәтінге юмормен қараңыз. Қарапайым бір күніңіз туралы, айналаңызды қоршап жатқан адамдар туралы, керемет оқиғалар жайында сыр шертіңіз. Шамамен алғанда, мөлшері "уордтық" үлгіде жарты беттен аспайтын болсын. 

Хат жазыңыз

Егер сізге қандай да бір қыздың профилі ұнап қалып жатса, бірден оның чатына жазушы болмаңыз. Ең дұрысы, жеке поштасына хат жолдап, хатта қай қылығымен тәнті еткенін жазыңыз.

"Көзі мен күлкісі" туралы жалпақшешейліктен қашыңыз.  Оның анкетасын оқып шығып, екеуңізді біріктіріп тұрған күштің әсерін жазыңыз.  Мысалы, егер ол үй жануарларын жақсы көріп жатса, үйіңіздегі мысығыңыз туралы айта кетіңіз (немесе үй жануарын асырап алу туралы жоспарыңызды).

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: blog.randivonal.hu

2832 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 06 мамыр 2014, 11:11
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...