Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Банандарды жеке сақтау пайдалы ма?

Банандарды жеке сақтау пайдалы ма?

Банандарды жеке сақтау пайдалы ма?

Үй иесі әрбір ұсақ нәрсеге мән береді. Төменде ұсынылатын кеңестер ақша үнемдеуге әрі еңбектің зая кетпеуіне септігін тигізеді.  

* * *

Егер қолданудан бұрын тоңазытқыштың ең суық бөлігіне қойып қояр болсаңыз, май шамдар (свеча) ұзақ жанады.  

Ыдыс-аяқ жууға арналған майлықты (губканы) екіге теңдей бөліңіз. Жартысының өзі ыдыс жууға жеткілікті әрі ақша үнемдеу. Ал уксустың кішкене ғана тамызығы майлықты (губканы) таза әрі ұзақ ұстауға көмектеседі. 

Өзіңіздің сүйікті сұйық сабыныңызды сумен араластырып, екі бөтелкеге бөліп құйып қойыңыз (бос бөтелке табылып қалатын шығар). 

Егер суға азырақ спирт тамызар болсаңыз, гүл шоғы ұзақ тұрады. Ал егер арақ табылмай жатса, хлор тазалағыштардың бірін қосуға болады. 

Соустарды тоңазытқышта басын төмен қаратып қойған дұрыс. Көгеріп кетуден сақтайды. 

Банандарды жеке-жеке сақтаңыз. Банан ұзақ уақытқа жеуге жарамды болады. 

Жуа мен сарымсақты тесігі бар пакеттерде сақтаңыз. Үш ай бойына өзгермей тұра береді.  

Нанның дәмді күйін арасына балдыркөк қою арқылы (сельдерей) ұзақ сақтап көріңіз. 

Ірімшікті (сыр) кесу барысында қолыңызды тигізбеңіз. Саусағыңыздағы бактериялар өнімге жетіп, беті көгеріп кетуі мүмкін. Ең дұрысы, ірімшікті пластикалық пакет арқылы ұстаған дұрыс.

Егер кір жуу барысында суға бір шөкім тұз тастар болсаңыз, киіміңіз жарқырап шыға келеді. 

Егер қолданбастан бұрын тоңазытқыштың қатты бөлігіне қойып қойсаңыз, колготки мен шұлық ұзақ уақытқа киюге жарайды. Төменгі температура талшықтардың мығымдылығына алып келеді. 

Джинсы шалбарын жуудан бұрын, бір сағатқа уксус қоспаның ішінде (бір қасық) ұстаңыз. Джинсылар өз түсін сақтап қалады. 

Тіс тазалауға тіс пастасының кішкене бөлігін ғана сыққан дұрыс. Ұзын тілкем шығару арқылы өнімді құр бекерге жұмсайсыз. 

Ноутбукті пайдаланбайтын сәтте желіден ажыратыңыз. Сол арқылы батарей ұзақ уақытқа шыдайды. 

Фен ұзақ уақыт жұмыс істеуі үшін сырт жағын шаңсорғышпен тазалап тұрыңыз. Бұл феннің күйіп кетуінің алдын алады.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: altyn-orda.kz 

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 11 қыркүйек 2013, 17:38
Пікірлер
+0
11 қыркүйек 2013, 18:41

Дәл маған арналған мақала екен :D

+0
11 қыркүйек 2013, 19:11

Фараби жақсы кеңестер жинапсыз)

+0
11 қыркүйек 2013, 20:43

Егер кір жуу барысында суға бір шөкім тұз тастар болсаңыз, киіміңіз жарқырап шыға келеді. Джинсы шалбарын жуудан бұрын, бір сағатқа уксус қоспаның ішінде (бір қасық) ұстаңыз. Джинсылар өз түсін сақтап қалады. Шын ба осылар...жақсы кеңестер....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.