Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Қанша досыңыз бар?

Қанша досыңыз бар?

Қанша досыңыз бар?

Адамдармен араласып тұрудың пайдасы неде? Таныстық ортасында өзіңізді қалай ұстайсыз? Қанша досыңыз бар? Адамдармен тез таныса аласыз ба? Адамды досына қарап танисыз ба? Достарыңыздың ішінен артық қоятын жандар бар ма?

* * *

Нетворкинг - сөйлесу мен қарым-қатынас жасауды қалыпқа келтіретін маман. "Ешқашан жалғыз тамақтанбаңыз" кітабының авторы Кейт Феррацци пайдалы таныстыққа ғана оқытып қоймай, сонымен бірге достасу жолындағы кем-кетіктерді де келтіре кетпек. 

Нетворкингтің идеясы өзгелермен олардың мамандығына, мансабына, қоғамдағы орнына қарамастан, жақсы қарым-қатынасқа түсуді үндеуінде. Нетворкинг - бұл сіздің жақсы достарыңыздың ортасында бір уақытта кино жұлдызы, белгілі саясаткер, аула сыпырушы, кез келген жан иесі табылатын өмір стилі деген сөз.

 

Үздік делінген 25 тезисті теріп алып отырмыз:

1. Байланыс - бұл бәрі

Адамдармен қарым-қатынас орнату - бұл бизнес пен жеке өмірдегі ең бір басты, ең қажетті делінген қабілет. 

2.  Егер сен өзгелерге көмектесер болсаң, онда олар да саған қол ұшын береді (өзара түсіністік). 

Жалғыз өзің түк те бітіре алмайсың. Бірде-бір адам "өзімді-өзім жасағам" деп айта алмас. Біздің қалыптасуымызға мыңдаған басқа тұлғалар әсер етеді. Бізге жақсылық жасаған әрбір адам немесе қуаттаған кісі баласы біздің мінез-құлқымыз бен ойлау жүйеміздің құрылымына кірпіш қалап, біздің жетістікке жетуімізге тікелей жол ашып жүр.

3. Тек қана өз күшіңізге иек артпаңыз. 

4. Мақсат — бұл нақтылы уақытта орындалуға тиіс арман. Өз арман-мақсатыңызды іздестіріңіз. 

5. Айнала қоршаған ортаңызды сізді жақсы көретін және сіз жақсы көретін адамдардан құрыңыз. 

Қолына ілінген жұмыс іздеу газетінің бәрін алып, әр жұмыс орнына орналасу үшін жанынан безіп жүретін адамның образын бастан шығарыңыз. Бүгінде адамдарда теріс түсінік қалыптасқан, өзіне бір нәрсе керек болғанда ғана қарым-қатынас орнатып жатады (мәселен, жұмыс). Шын мәнінде пайдалы байланыстар, көмекшілер мен достарды басыңызға іс түспестен бұрын тауып алған дұрыс. 

Әрбір сәтті аулаңыз. Егер сіз бір нәрсені жасай алатын немесе пайымдаған болсаңыз (қолыңыздан келіп жатса), кешіктірмеңіз. Даналық, күш-қуат пен сиқырдың бар салмағы - батылдықта.

7. Еліктейтін образ тауып алыңыз. Сөйлеп үйреніңіз. Іске ортақтасыңыз. Шешім қабылдап,  атқарыңыз.

8. Бос сандырақпен айналыспаңыз.

9. Өсектемеңіз.

10. Қонаққа құр қол бармаңыз.

11. Тұрмысы төмендерге нашар қылық көрсетпеңіз. 

12. Лебізіңіз шынайы болсын. 

13. Үлкен іске әруақытта үлкен дайындық қажет. Уинстон Черчилль айтпақшы, жақсы дайындық сізден жақсы ақылман жасамаған күннің өзінде, сәл де болса соған ұқсастырады. 

14. Белгілі бір адамдарға қатысты есімдерді, туған күндерін, бәрін есте сақтап жүріңіз. 

15. Арық айтып, семіз шығып үйреніңіз. Өз ойларыңызды тез, дәйекті, нанымды қылып жеткізіңіз. 

16. Қызығушылықтарыңызбен бөлісіңіз. 

17. Талпыну һәм ұмтылыс өзгелердің назарын аудартады және есіне салады - кез келген салада жетістікке жетудің басты қайнары.

18. Конференциялардың ұйымдастырушысы болыңыз.

19. Ақпараттардың көзіне айналыңыз.

20. Тілдесу ортасын кеңейтіңіз.

21. Өз қылықты қызыңызды табыңызды (кең пейілді жігітіңізді)

22. Өз көзқарасыңыз айтылсын.

23. Астамшылдыққа берілмеңіз.

24. Оқыңыз және өзгелерді оқытыңыз. Мәңгіге жалғаса берсін.

25. Жетістікке жету жолында қалың достың табылуы қажет-ақ, әрине, бірақ егер сол достарыңыз бен жақын дос-жарандарыңыз болған жағдайда талассыз артықшылықтарға иелік етесіз:

— Сағынбайсыз һәм ішіңіз пыспайды. Мұндай өмір уақыттың көп жұмсалуын қажет етеді және сізге үлкен міндеттемелер жүктейді, бірақ, еш уақытта жалықтырмайды. Сіз барлық уақытта өзіңіз туралы, өзгелер туралы, бизнес туралы, қоршаған әлем туралы жаңа бір нәрсе еститін боласыз. Бұл деген керемет сезім.

— Байланыс арқылы құрылған мансабыңыз сіз жұмыс жасап жатқан компанияға да пайдалы, өйткені, екеуі де сіздің өсіп-өркендеуіңізден пайда табады. (Сізбен қарым-қатынас жасайтын адамдар сіздің ортаңызбен де қарым-қатынас жасайды деген сөз.) Басшылық пен ұжымның жұмыста өсіп-өркендеуіңізге қызығушылық танытқан уақытында қанағаттанарлық сезіміне бөленесіз. 

Қолдау көрсететін және дамуыңызға мүмкіндік беретін таныстық ортасы жаңа заманда ең маңызды. Ертеректе, адам бір фирмада өмір бойы жұмыс істегенде, ол оған сенімділік, күтім мен адалдық сыйлаушы еді. Бірақ, ол уақыттар қайта оралмастай кетті. Бүгінде біздер азат, еркін құстармыз. Біздің мансап жолымыздың торабы көптеген компаниялардың әртүрлі құзыры арқылы өтіп жатады. Біздің басты валютамыз ақпарат болып табылуда, сондықтан, шырмалған интернет таныстық - табысты мансапқа бастайтын ең сенімді жол. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: liderpress.hr theselfemployed.com 

9736 9
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 13 қыркүйек 2013, 09:19
Пікірлер
+0
13 қыркүйек 2013, 09:35

аллаға шүкір біраз досым бар!

+0
13 қыркүйек 2013, 09:35

Ардақтың өткенде "достық деген пендешіліктен аса алмайтын дүние ғой" деген пікірін оқып, таң қалып едім, ойлана келсем солай сияқты, "досдарым" деген топқа күніге біреу қосылады, біреуі шығады, бір кездері біріміз үшін жан береміз, біріміз үшін жаратылған жандармыз деп серттескен достарымның қайда жүргенін де білмейді екенмін) бірақ дос деген жақсы) айтпақшы, "Ешқашан жалғыз тамақтанбаңыз" деген дұрыс сөз екен)

+0
13 қыркүйек 2013, 10:03

Kosylamyn... Ademi aityldy

+0
13 қыркүйек 2013, 11:56

Адамның күні адаммен деп бекер айтпаған ғой!

+0
13 қыркүйек 2013, 12:00

0

+0
13 қыркүйек 2013, 15:16

бирак нагыз дос жок сиякты :(

+0
13 қыркүйек 2013, 16:54

Шың дос бұл өмірде баршылық арине))Әсіресе, бала кездегі достың орны бөлек

+0
13 қыркүйек 2013, 16:59

Маған мына тұсы ұнап кетті: Мақсат — бұл нақтылы уақытта орындалуға тиіс арман. Өз арман-мақсатыңызды іздестіріңіз. Мақсаты бар адамда барлығы бар!

+0
14 қыркүйек 2013, 21:45

Ең көп дос менде шығар.АЛЛАҒА шүкір.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев