Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Жақсы жұмысты қалай табуға болады?

Жақсы жұмысты қалай табуға болады?

Жақсы жұмысты қалай табуға болады?

Мүмкін сіз, осы күндері жұмыс ауыстыруды ойластырып немесе кезекті кездесуге (собеседование) баратын боларсыз. Мүмкін сіз, осы бір орында бастық шығарсыз және бір жұмысшының жұмыстан кету арызын қарап отырған шығарсыз. Қай жағдайда болмасын, бұл мақала сізге арналып жазылған. Ең жақсы жұмысты таңдаудың реті - біріншілерге, қол астындағы жұмысшыларының еш жағдайда кетіп қалмас кепілдігі - екіншілерге. 

Жаңа жұмысқа орналасқанда адамдар ең алдымен неге мән береді?

Иә, сіз бірден аңғардыңыз, жалақысы емес пе?!

Ойға алғандай, бұл өте маңызды фактор делік, алайда, барлығын бір ақшаға әкеліп тіреп тастау, аңғармастық болар еді. Жер бетінде сіз еш жағдайда айналыспас жақсы жалақы төленетін жүздеген жұмыс көздері баршылық. Оған қоса, дәулет шалқыр тұрмысқа қол жеткен тұста, ақша ой-түрткі ретінде өз мән-маңызын жоя бастайды. Бұл тұста толассыз табысқа кенелген менеджерлер мен алпауыт ұжым директорларының жұмыстарын тастап, "жұмсақ орындықпен" қош айтысып, еркін салаға немесе белгісіздікке кетулерін бір емес, бірнеше мысалмен жеткізуге болар. Және осы тұста оларды бірде-біре акция, компания мүлігі, ұжымның болашағы мен жақсы жалақы да ұстап тұра алмайды. 

Ал ақырында, оларға не жетпеді?

Мүдде


Жаңа жұмысқа орналаспастан бұрын міндетті түрде ең алдымен оның сізге қаншалықты қызық болатынын бағамдап алыңыз. Есіңізден шығып кетпес, міндетті жұмыс күні өзгенің емес, сіздің уақытыңызды жұмсайды. Иә, жақсы материалдық қолжетімділіктер (вознаграждение) сізді ары қарай "шыдай тұруға" немесе "шыдауға және сүйіп кетуге" ойландырып тастауы мүмкін.

Азғырындыға ермеңіз - ертелі-кеш қызықсыз, іш пыстырарлық жұмыстан сіз сағат 9-дан кешкі 18:00-ге дейінгі аралықта жұмыс жасайтын, атқарымдық (функциональдық) міндеті бар адам тәріздес құлтемірге айналып шыға келесіз. Демек, ең жақсысы, байқап көрмегіңіз.

Дербестік


Маған да белгілі бір жәйт, барлық кіші болсын, үлкен болсын ұжымдарда орнатылған өз тәртіптері мен әрбір қызметшінің белгілі бір деңгей бойынша жұмыс тәртібі болады. Соған қарамастан, әр адамның өзіне қажетті, шығармашылыққа керек дербестігін сызып тастауға болмас.

Сол үшін де, жаңа жұмыс орнында дербес шешім қабылдауға қанша кеңістік берілетіндігін біліп алғаныңыз дұрыс. Егер сізге жүктелген міндеттер дербестікке бір қисын таппаса немесе басқан әр ізіңізді аңдып, түзету енгізіп отырар алдамшылық (имитация) орнаса, онда мұндай жұмыста мән-маңыздың болуы көп күмәнді. 

Ауырлық


Көпшіліктің ойынша, адам дегеніміз - жалқаулыққа жаны құмар тіршілік иесі және жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүргенді жақсы көретін жандар деп ойлайды. Егер сізден жаңа жұмыс орнында ауызға толтырып айтарлық күш-жігер күтілмесе, физикалық немесе пәлсафалық ақыл-ой қажет етпесе, онда сіз тез зерігіп, осы бір тыныш ұйықты жек көріп кетпексіз. Тек қана қиындықты еңсеру жолы қызығушылық тудырып, сол бір бірінші бөлікте жазып кеткендей, адамның дамуына жол ашады екен. 

Нәтижесі


Грек құдайлары Сизифті өмір бойы тауға тас домалатып тұру жазасына жайдан-жай кеспеген болар. Ауыр, шексіз және жеміссіз жұмыс кез келген адам үшін "қарғыс атсынға" саналады.

Сондықтан, ең маңыздысы, сіздің жұмыс күніңізде кеткен күш, жігер мен келіп жеткен нәтиже аралығында жол саралануы тиіс. Түсінікті, ақшалай сыйақы туралы әңгіменің жөні бөлек, бірақ, кей жағдайда дұрыс ұйғарылған ынталандыру жүйесі жұмысшыларға қанат бітіріп, жанқиярлық еңбекке ұмтылдыруы мүмкін. 

Құрмет (уважение)


Құрметтегенді кім жек көрсін. Барлығы - сыра ұстаған алқаш та, Нобель сыйлығын алған зерттеуші де... Көпшілігі осы үшін жалақы, қосымша сыйақысыз ұзақ әрі қызу жұмыс жасауға бар. Екінші жағынан алып қарағанда, күндеп қарайтын және жек көретін жақсы жалақылы жұмыстың өзі де сіздің өміріңізді улауы әбден мүмкін ғой.

Сол үшін, өзіңіз мақтана алатын және жақындарыңыз мақтана аларлықтай жұмыс көзін табуға тырысыңыз. 

Сонымен, жаңа жұмыс іздестіру жолында сұрақты шеше отырып, жалақы мәселесін оңтайлы қарастыра келіп, бір сәт үзіліс жасаңыз да, келесі сұрақтар бойынша өз-өзіңізге жауап беріп көріңізші:

Бұл жұмыс көзі жарты жылдан соң маған қызық бола ма? Ал бес жылдан соң?

- Өз бетімше дербес шешім қабылдай аламын ба?

- Мен шешетін қиын тапсырмалар жеткілікті ме?

- Айнала қоршаған жандар осы жұмысым үшін қадір тұта ма?

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: energent.com; facebook.com; fashionstylist.kupivip.ru; technovek.info

12211 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 02 тамыз 2013, 13:25
Пікірлер
+0
02 тамыз 2013, 13:47

жақсы жазылған екен) енді мұндай "идеал" жұмысты табуды айтыңыз))

+1
02 тамыз 2013, 16:06

айтуға бәрі оңай ғой.кез келген жұмыстан бір күні шаршайсың

+0
30 қаңтар 2015, 17:25

Маган жумыс тауып бериниздерши Есимим Ержан Нуралиев 11.10.1992 мампгдым электрик билимим орта стажым 4 жыл сосын кез келген техниканы айдауша провом бар 8708-347-60-61

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...