Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Керемет ойларды дүниеге келтіру

Керемет ойларды дүниеге келтіру

Керемет ойларды дүниеге келтіру

Керемет ойларды дүниеге келтірудің сырын бөліскіміз келеді. Шығармашылық өсіп-өну жолында кім не депті?

Толстой мен Эйнштейн аралығында данышпандарды тізіп айта беруге болар. Бірақ, одан мән шығар ма, егер біз сол айтылған тұлғалардың көреген ойларының туылу арнасын іздеп таппас болсақ. Ең алдымен, дүние кезген данышпандар даналыққа бастар жолда "Ғажап!" деген бір ауыз сөзді айту қанша арпалысқа түсті екен? Біз оны қайдан білеміз, бүгінгінің адамдары керемет ойлар табан астында жатқандай көреді. "Ғажап!" сөзі айтылар көреген ойдың ертегі екенін біліп жатқандар бар ма?!

Төбелі ойға тура бастар жолда жүз күнә мен мың қателік жасау, үйреншікті жайт. Алайда, сол жүз бір күнәңнен сабақ алып, сабақтап ой түю жұмыр басты пенденің тағдыр талайына жазылмаған болса ше? Әбден, мүмкін. Әлду-бәлду деп ес пен тәннің артасында арпалысып жүрген жандар қаншама. Бір күні түсінер қарапайым формуланы саналарында шикі күйінде қалдырып, сансыз соқпақта адаса берудің бәрі даналыққа бастайды деп кім айтты? 

Кешегі даналардың басына жемісті ой бірден келді десек, кім сенер. Ал егер көк жасыл бояу алған жемісті ойлар мидың мың сан шатпағынан туады десек, ақиқаттан алыстамақ емеспіз. Теңізді тамшыдан құралатыны сияқты, ойдың ойлаудан (ойлар жиынтығынан құралатыны) тұратынына бір негіз. 

Мәселен, Альберт Эйнштейн көзге елестету арқылы ойлайтынын тұжырымдап өткен: "Сөз менің ойлау процессімде ешқандай рөл ойнамайды. Ойлар менде белгі немесе образ түрінде туылады. Оларды сосын толық бір бүтін картинаға жинақтаймын". 

Ағылшын жазушысы Джессика Митфорд өз шығармаларымен үнемі "диалогта" болып отырған: "Ең біріншісі, менің жасауым тиіс нәрсе - кешегі күнгі жазғанымды оқу және түзетулер енгізу. Сосын барып қана, одан арғы жүрісімді бағдарлаймын". 

Ал суретші Бен Шан болса, шығармашылық процессті "ой мен обаз аралығындағы арқан тартысы" деп есептеген. 

Ақын Мэй Сартон жазуынша: "Біз өлең жазғанда, өлеңнен көп нәрсені үйренеміз. Жазылып қойған нәрсені қайта қараудан өткен жалығарлық іс жоқ". 

Шығармашылық процесс ешқашан тура әрі жұмсақ өтпейді. Шығармашылықта толассыз табысқа жетіп жүрген жандар, ең алдымен, ұлы ойларды жүзеге асыруға керек болатын алғашқы бастама тетіктерді жасап қояды екен.

Бір қызық: керемет ойлардың душта келіп тұратын сәттері болады. Сол себепті, душқа түсерде өзіңізбен бірге қойып дәптер алып кірген абзал немесе су жұқпайтын дәптерлер табылып қалар. 

- Шығармашылық нұрға бөлену өздігінен келеді деп күтпеңіз. 

- Барлық ойларды жазып алып отырыңыз. (Данышпандардың көбісі өздерімен бірге қойын дәптер алып жүрген). 

- Көгермеген ойларды есептен шығарып тастамаңыз. Барлық ойлар бір қажетке жарайды, егер олармен азды-көпті жұмыс жасасаңыз. 

- Басқа бірінші келген ойды ұстанып, тұрақтап қалмаңыз. Іске асыруда жарамсыз болып табылуы мүмкін. 

- Асықпаңыз. Уақытты бекітуден сіздің ой ұшқырлығыңыз артпақ емес.

- Ойлармен ойнап көріңіз: жеке бөліктерге бөлу; асты-үстіне төңкеру; бір-бірімен салыстыру.

Аяғында сізде де керемет ой туып қалар деген сенімдемін.

сурет: atoutetre.com; yarasty.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

2666 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 31 шілде 2013, 14:47
Пікірлер
+0
31 шілде 2013, 17:58

кейде керек емес ойлар,кейін керек болып қалады,сол ойлар есіңде қалса жақсы болыппп кетеді шее :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...