Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Қарапайым сұрақтарға қарапайым жауаптар

Қарапайым сұрақтарға қарапайым жауаптар

Қарапайым сұрақтарға қарапайым жауаптар

Мазалап жүрген сұрақтарыңызға төменнен жауап табылып қалуы мүмкін. Назарларыңызға ұсынылады.

* * * 

Қай жеңімпаз таңдаулы? - Шындықпен жеңген.

Қай жеңімпаз таңдаулы емес? - Күшпен жеңген.

Қай адам ең әлсіз? - Өзгелерді жеңген.

Қай адам ең мықты? - Өз-өзін жеңген.

Қай күрес қауіпті? - Әсіре жанкүйерлік.

Қай ұстаз ең жақсы? - Азап.

Қай ұстаз ең нашар? - Рахат.

Қайтіп мейірімді болу? - Жақыныңның қайғысымен бөлісу.

Қайтіп қарапайым болу? - Жақыныңмен даңқыңды бөлісу.

Қайтіп бой ұсынғыш болу? - Жақыныңның дәрменсіздігін бөлісу.

Қайтіп әділ болу? - Қарыздарыңды ұмытпау.

Қай ептілік ең сирек? - Беру ептілігі.

Қай ептілік ең жақсы? - Кешіре алу ептілігі.

Қай ептілік ең қиын? - Үнсіздік ептілігі.

Қай ептілік ең маңызды? - Сұрау ептілігі.

Қай ептілік ең қажетті? - Тыңдау ептілігі.

Қай әдет ең жағымсыз? - Дауласу.

Қай әдет ең зиянды? - Мылжыңдық.

Қай адам ең мықты? - Ақиқатты растай алған.

Қай адам ең әлсіз? - Өз күшіне сенген.

Қай адам ең ақылды? - Жүректің әміріне құлақ түрген. 

Қай іңкәрлік ең қауіпті? - Өз денеңе құштарлық.

Қай адам ең кедей? - Ақшаны барлығынан артық жақсы көретін.

Қайғыға немен қарсы тұрасың? - Көнумен.

Азапқа немен қарсы тұрасың? - Төзіммен. 

Сау жанның белгісі? - Сенім.

Науқас жанның белгісі? - Үмітсіздік. 

Бұрыс істің белгісі қандай? - Тітіркену.

Қайырымды істердің белгісі қандай? - Жанның тыныштығы.

Қай адам тірі өлік? - Енжар адам.

Қай адам ешқашан өлмейді? - Жақындарың және Тәңірді сүйетін.

 

Сурет: schion.beon.ru, mariya1371mohsen.blogfa.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

3983 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 31 шілде 2013, 10:52
Пікірлер
+0
31 шілде 2013, 11:02

Қай адам ең ақылды? - Жүректің әміріне құлақ түрген дегенмен келіспеймін. Сезімді санаға жеңдіруге тиіс болатын кездеріміз көп және солай жасаған ауыр болса да дұрыс жол болып шығады.

+0
31 шілде 2013, 11:26

Қай ұстаз ең жақсы? - Азап.

Қай ұстаз ең нашар? - Рахат. :roll:

+0
31 шілде 2013, 17:46

Қай адам ең мықты? - Өз-өзін жеңген. Осыны жүз пайыз құптаймын! Өзіңді білмей жатып, өзіңді тәрбиелемей жатып басқаға көз салмай-ақ қойған дұрыс сияқты.

+0
31 шілде 2013, 18:01

Қай адам ең мықты? - Өз-өзін жеңген. мен сондаймын ба??

+0
02 тамыз 2013, 00:27

Қай адам ең әлсіз? - Өз күшіне сенген. куа ма?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев