Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Балақай балмұздағы

Балақай балмұздағы

Балақай балмұздағы

Көңілге жылылық ұялатар және үлкендердің мінез ерекшелігін даралап тұрған тәмсілді ұсынамыз. Балалық шақ пен балмұздақ күндер еске түссін.

* * * * 

Жасы ондардың шамасындағы кішкене бала кафеге ақырын еппен еніп, үстелге барып отырды. Қасына даяшы келді. 

- Жаңғақ қосылған шоколодты балмұздақ қанша тұрады? - деп сұрады одан. 

- Елу цент, - деді келіншек балаға қарап. 

Балақай қалтасына қолын сұқты да, тиындарын алды. Сосын, ақырын санап шықты.

- Қарапайым балмұздақтар ше, ештеңе қосылмағаны қанша тұрады? - деді тағы да.

Көп қонақтар күттіріп қалып еді, содан да болар, даяшы қыз наразылық білдіре бастады. 

- Жиырма бес цент, - деп қысқа қана шорт қайырды.

Сол аралықта балақай тағы да қалтасына қолын салып, тиындарын санап шықты.

- Қарапайым балмұздақ беріңізші, - деді іле жауап бере.

Даяшы балмұздақты әкеліп берді де, есепшотты үстел үстіне лақтыра салып, кетіп қалды. Балмұздақ желініп болған соң, бала кассаға барып, ақысын төледі де, шығып кетті.

Бір уақытта даяшы үстел үстін тазалауға келіп, қарағаны сол еді, тамағына ащы өксік келіп тығыла кетті. Тас тұрып қалғандай, көзі шарасынан үлкейіп сала берді. Гүл салғыштың қасында ұқыптылап жиналған жиырма бес цент тұрған болатын. Ол оның қалдырған шайлығы еді.

сурет:mama.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

1500 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 18 шілде 2013, 18:31
Пікірлер
+0
18 шілде 2013, 23:54

Ех, мен грубый офицанттарға ештеме бермес ем

+0
19 шілде 2013, 11:05

аспен ұрғанды таспен ұру принципін берік ұстанады екен!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...