Келер аптаның 7 ісі

Келер аптаның 7 ісі

 

Көктемдік депрессияға шалдығып қалдыңыз ба? Танертең қиын оянып, жұмысқа баруға зауқыңыз жоқ па? Ойларыңызды қайғы-мұң биледі ме? Массагетте жазылған бірнеше блогтардан қолданушыларымыздың соңғы кезде уайымға беріліп, әбден шаршағандары көрінді. Құрметті қолданушылар, көктемдегі әлсіздік пен мұңлы ойлар маусымдық депрессия мен авитаминозға байланысты. Онымен күресудің жолдарымен таныс болып, көңіліңізді мына керемет табиғат дыбыстарымен көтеріңіз.

 

Массагетте жуырда бастау алған жаңа жоба -  english.kz айдарымен таныс болыңыздар. Бұл айдарда қазіргі кезде өмірімізге қажет ағылшын тілін үйренудің оңай методикасы ұсынылған. Дыбысталу, бейнебаянмен берілген бұл сабақтар, әлбетте ағылшын тілін үйренемін деушіге оңай әрі қызық болмақ.

 

Келер апта футбол сүйер қауымға ерекше қызық болады. 3-4 сәуір күндері өтетін Чемпиондар Лигасының ширек финалының жауапты матчтары жартылай финалға қандай командалардың шығатынын анықтайды. Өз жұбында айқын фаворит болған Бавария тізгінін ұстап қалар ма екен? Топтық этапта бір-бірін әбден танып білген Милан мен Барселонаның жауапты ойыны қызықты өтуі тиіс. Жеребеде жолы болған Челсидің жеңісті Бенфикаға берудің мүмкіндіктері аз. Ал ойынның 73-минутын Реалға гол салуға мүмкіндік бермеген АПОЭЛ келер матчта да осындай қайсарлық көрсетер ма екен?
Жексенбі күні ең қызық мейрамдардың бірі - 1 сәуір күні. Бұл күнді сылтау етіп жақын достарыңызға әзілдеп, бір күліп алыңыз. Қандай қалжың айтып, қалай әзілдеймін деп ойлайсыз ба? Массагет сайтының бұл күнге дайындаған әзілдерімен жақында таныс боласыздар!
31 наурыз - Халықаралық ақпараттың көшірмесін сақтандыру күні. Бұл күн қоғамды ақпараттың көшірмесін сақтандырып, өшіру мен жоғалудан сақтау мәселелеріне көңіл бөлудің мақсатымен құрылған күн. Бұл шараның 31 наурызда, яғни 1 сәуір, күлкі күніне бір күн қалғанда өткізілуі кездейсоқтық емес.  Компьютер қолданушыларды 1 сәуірлік әзіл-вирустар әбден шаршатып, осындай шара жасауға әкелген. Сізге де осы күні компьютеріңіздегі маңызды ақпаратты сақтап алуыңызға кеңес береміз. Кім біледі, 1 сәуірде қалжынбас досыңыздың қандай әзіліне тап болатындығыңызды?

Оқу жылы аяғына жақындап келе жатыр. Мектеп бітіруші түлектердің болашағын шешуші сәт - ҰБТ да жақындап қалды. Осы кезде ең бастысы уайымдамай, өзіңізді сабырлы ұстау. Ал мына кеңестер сізге ҰБТ бойынша жақсы нұсқау болмақ.

 

 

Компьютерде көп жұмыс жасайсыз ба? Онда орнатылған орыс тіліндегі ОЖ-ға әбден үйреніп кеткен шығарсыз? Windows 7/Vista және XP операциялық жүйелерінің интерфейсін қазақшалауға болатынын білдіңіз бе? Қолданушымыздың нұсқауларын оқып, ОЖ жазбаларын толықтай қазақшалаңыз! 
С. А