Шығармашылық қанаттануға 20 әдіс

Шығармашылық қанаттануға 20 әдіс

Егер сіз әлдеқалай шығармашылықтың бір түріне қатысты жан болып жатсаңыз, онда сізден шабыттың қаншалықты маңызды рөл алатындығын сұрап та жатпаймыз.

Ол бар тұста кез келген тапсырманы орындау сөз еместей көрінеді, ал шығармашылық процесстің баурап алғаны соншалықты, күн-түн демей ұйқыдан қаласың. Егер ол болмаса, қол бір сілтеуге келеді де, кез келген істің азапқа айналары сөзсіз.

Егер сіз шығармашылықпен хобби ретінде ғана айналысатын болсаңыз, шабыттың бар-жоқ екендігіне мән де бермессіз: "Жоқ болса ештеме етпес, күте тұрайын, келіп те қалар". Ал брақ, егер сіздің шығармашылығыңыз сіздің жұмысыңыз болса және тапқан табысыңыз соған байланысты өлшенсе, не істейсіз? Жауап біреу ғана - іздеу керек. Ендеше, бүгін назарларыңызға шаббыттандыратын 20 түрлі әдісті ұсынамыз.

10 минут немесе одан да аз

Музыка тыңдаңыз. Музыканың ми қызметіне тиімді әсер ететіні ғылыммен баяғыда-ақ дәлелденген және еш күдік тудырмасы анық. Бір музыка өз-өзіңізді қолға алып, жұмысқа белсене отыруыңызға көмектесіп жатса, ендігі бір музыкалар босаңсытып, ең бір жағымды сәттерді көз алдыңызға келтіреді. Өзіңіздің жеке басыңызға қатты әсер ететін әнді тауып, тоқыраған сәттерде қосып жіберіңіз.

Қолмен жазуы. Біздер көп уақыттан бері ескі үлгімен жазуды мүлдем доғардық десек те болады. Замандық жаңа технологияларға арқа сүйеген әлдеқайда қолайлы. Дегенмен, Word-ты жауып, қолыңызға қалам алыңыз да, бұрындары қалай болғандығын еске түсіріңіз. Мүмкін, жаңа әсерлену сіздің шабытыңызды оятып қалар.

Медитация жасаңыз. Мүлдем жаңа ой жоқ па? Онда босаңсуға жағдай жасап, ешнәрсе туралы ойланбаңыз. Міне, дәл сол сәтте жаңа идея келеді.

Өзгелердің пікіріне құлақ асыңыз. Өзгелерден кеңес сұрауға немесе көмек сұрауға ұялмаңыз. Кейде кездейсоқ сөз тіркесінің өзі, тіпті, әлгі адамның сіз тарапта дөрекілігіне қарамастан, небір ойлар ағынын ағындатуы мүмкін. Сосын, бұрын басым қалай жетпеген деп, таңғалып жатасыз.

Еркін ассоциация. Мынадай ойын ойнап көріңіз: сөздікті ашыңыз да, кез келген сөзге тұрақтай отырып, соған қатысты басыңызға келген барлық ойды жазып көріңіз. Немесе екі санды жасырып, тиесілі нөмір жайғасқан кітап бетін ашыңыз. Кейде осы арқылы "тәңірлік күбірлер" дәл бағытта дөп келіп тұрады.

Алыс бір нәрсені ойланыңыз. Үнемі іштей ойланып жүруетін барлық проблемалар белгісіз бір қуысқа алып барып тіреуі мүмкін. Дерексіз дүниені ойлауға қадам жасап көріңіз. мысалы, 2022 жылы Жаңа жылды қалай өткізесіз немсе Эверестің ең биігіне шығу.

Көк пен жасыл түске қараңыз. Зерттеу айтып отырғандай, осы бір түстердің сіздің шығармашылық қабілетіңізге бір әсері болуы әбден мүмкін. Бұның себебі, біздер көк түспен мұхитты, аспанды және бос кеңістікті байланыстырамыз, сол уақытта жасыл түс өсіп-өркендеудің белгісі.

Еркін хат. Шеберлердің көпшілігі өнер тілінде мұны "фрирайтинг" деп түсіндіреді. Аталған әдістің мән-маңызы, сіз бір үзік уақыт ішінде, мәселен, 10 минут, үзіліссіз және ойланбастан басыңызға не келеді, соның бәрін жазасыз. Сосын барып, не жазғаныңызды оқып, пайдалы идеяларды бөліп жара аласыз.

Кеңістікті өзгертіңіз. Кабинетте жұмыс істейсіз бе? Дәлізге шығыңыз. Бүкіл уақытта отырасыз ба? Түрегеп тұрып жұмысқа кірісіңіз. Теңіз жағалауы шаршатты ма? Оны ақ қар мен ақ аюға ауыстырыңыз. Таңқаларлығы сол, үйреншікті кеңістікті ауыстыру біздің қиялға қаншалықты ықпал етуі мүмкін.

Күліңіз. Позитивті көңіл-күй шығармашылықта мүмкіндік туғызады, өйткені префронтальды ми қыртысы мен алдыңғы бөлікте белсенділікті қалыптастырады (құрылымдық танымға, шешім қабылдау мен эмоцияға байланысты ми бөлігі).

30 минут немесе одан аз

Бір нәрсені өз қолыңызбен жасаңыз. Егер сіз негізінен интеллектуальды еңбекпен айналысатын болсаңыз, онда уақытша тоқтата тұрып, өз қолыңызбен бір нәрсе жасап көруге тырысыңыз. Бау байлау, ас пісіру, сәндеу - ең бастысы, мұның бәрі сізге қызық болып, жан-жүрегіңізді жаулап алғаны дұрыс. Істен осы бір қол үзу түрі ойлану процессін құлпырта түспек.

Көшеде болып көріңіз. Бүгін жұмыстан жаяу қайтып, паркте бірнеше сағатқа серуендеңіз немесе арқаңызға сөмек арқалап, тауға бірнеше күнге кетіп қалыңыз. Бұл тарапта әр адамның өз әдісі болады, бастысы, таза ауа, жаңа таңырқаныстар, кертартпалықтан арылу серпілуге ұласады.

Жаттығу жасаңыз. Спорттпен айналысқан уақытта, біз тек денемізді ғана күшейтіп қоймаймыз, сонымен қатар миымызды қалдықтардан азат етеміз. Таза физиологиялық пайдасынан басқа да (қан тамыр жолдарын нығайту, ми қан айналымын жақсарту), біздер ерік-ықтияр мен табандылық, мақсаттылықты үстем ете түсеміз.

Жаңа бір нәрсені байқап көріңіз. Егер барлығын әдет бойынша жасай беретін болсаңыз, ақырында бұл шығармашылық ойдың үзілуіне әкеп соғады. Екінші жағынан, жаңалыққы табыну  шығармашылықпен біте қайнасқан. Тіпті, қарапайым тұрмыстағы жаңа бағыт (маршрут) немесе аспаздық тың бастамалар сізді керемет ойларға бастайды.

Ұйықтаңыз. Егер сіз проблемамен кідіріп қалсаңыз, онда ұйқыға жатыңыз - өте жақсы шешім ертеңгілік келеді. Иә-иә, "таңның кештен ғажабы" деген сөз шындығында да бар болып шықты.

Ұзақ уақытаралық әдістер

Кемелдікті күтпеңіз. Ештеме етпейді, егер сіздің картинаңыз Луврда тұрмаса, біздің мақалаға мың пікір жазылмаса. Шедевр тудыру жолында өзіңізге шектен тыс талап қою, ақырында сіздің ешнәрсе істей алмай қалуыңызға себеп болуы мүмкін. Жай ғана өз ісіңізді жақсы жасауға тырысыңыз және не болатынын күтіңіз.

Сыртқа шығыңыз. Бір зерттеулерде анықталғандай, шет елде оқитын студенттер шығармашылық ой қабілетінде артық үстемдікке ие болып шыққан. Психологтардың айтуынша, мультимәдени тәжірибе инновациялық ой төркінінде жатқан қиын когнитивті процесстерге септеседі (жәрдемдеседі).

Жауһардан сандық құрыңыз. Өзіңіздің идеяңыз бен әсеріңізді, сезім-түйсігіңізді жинастырыңыз. Шабыт деген - қырсық бикеш секілді, сый-сыяпатын аямай төге салғаны соншалықты, жинап үлгере алмай, көкжиекке сіңіп жоғалып жатады. Топталып тұрған идеялар шығармашылық аштық кезеңін артта қалдыруға көмектеседі. 

Шығармашылыққа қозғаушы күш табыңыз. Бальзак тек ыстық ваннада отырып жазатын болған, Гюгоға жұмыс істеу үшін кофенің иісі қажет болыпты, ал Ньютон болса тіптен алма ағаштың астынан шықпай қойған. Мүмкін, сізде де креативке көмек болысатын әдеттер бар шығар. Соны табыңыз да, пайдаға асырыңыз.

Музаны күтпеңіз. Егер сіз жоғарыдағы әдістің бәрін жасап көрсеңіз, ал шабыт сонда да келмесе, бәрібір де соған қарамастан жұмыс жасауға кірісіңіз. Сіздің музаңыз ақырын ғана арт жағыңыздан келіп, арқа тұстан көз асырып, сіздің олсыз не істеп жатқанына қарағыштамақ. Сосын, бірді-екілі кеңес береді. Ал сосын қолыңыздан ұстап, бәрін ойдағыдай жүзеге асырады.

Шығармашылық қанаттануда қандай әдістер сізге көмектеседі?

сурет:ppministries.com; hacklive.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига