Әр күнді қалай сәтті өткізуге болады?

Әр күнді қалай сәтті өткізуге болады?

Уақыт – бағалы қалжыңбас. Болмашы нәрселердің үйіліп қалуын көру үшін күн артынан күн өтуі тиіс. Бір қарасаң, оятқышты іске қосып жатқан сияқтысың, бір қарасаң, өнімді еңбек соңында кеш батып жатады. Тоқташы, бүгін менің ең сәтті, бағалы күнім ғой дегің келіп кетеді!

Егер сіз уақытпен арадағы текетіресте жеңіске жеткіңіз келсе - жақсы жоспар құрудың уақыты келді. Уақытты тоқтатуға келмейді, біздің амал бірге еріп отыру ғана. Оның өзінде, жарыстың бұл түрінде көпшілігі соңында дейін шыдап көрмеген. Бірақ байқап көру қажет.

Сонымен, күннің сәтті өтуі үшін жоспар. Әр жолы табанды күресіңіз, сонда барып кешкісін өмірдің сусымалы емес екендігін түсініп, ерніңізде кешегі күнгі өзіңізді, уақытты, іс барысы мен шиеленістерді ұтқандағы дәм ұялайды. Күннің батқаны да ерекше мәнге ие болады – уақытты босқа кетірдім деген өкінішсіз. 

1. Ертемен ерте ұйқыдан тұру!

Түс болғанша, жата берген жарамас, атқан күннің мол шуағын неге кеуде кере жұтпасқа? Адамның түзілісі ертеңгілік уақытта күш тасып тұратындай етіп сомдалған. Сондықтан, ерте тұруға дағдыланыңыз. Таулар түске дейін ғана еңсеріледі, есіңізде болсын. Ең жақсысы, ерте тұру. 

2. Жаттығу сөзі "жат қылықтан арылу"!

Ырғалдым дегенше, күнім бос өтті дей беріңіз. Тұрыңыз да, бірден қайнап тұрған өмірге араласып кетіңіз! Жүгіріңіз, секіріңіз, йогамен айналысыңыз немесе турник дауысымен бүкіл ауланы оятыңыз. Бастысы – өмірді айнала өз ішіңізде қозғалу. 

Физикалық белсенділік, таза ауа, душ және жеңіл, бірақ, дәмді таңғы ас - мұндай ертеңгілік уақыт тек үлкен жеңіс күндерінде болады. Текке өткен күн қызарған көзбен, ұйқылы-ояу түрмен, болбыраған терімен өлшенеді. 

3. Сағат сегізден онға дейін - ЕРЛІК!

Лев Николаевич Толстой сағат таңғы ондарда "Соғыс пен бейбітшілікті" бітіретін болған, ал біз болсақ, фейсбукте жалқауланып отырамыз? Бүйткен жарамас! Бастысы, ауыр әрі жайсыз тапсырманы бірден орындау. Күннің сәтті өтуіне септесетін басты ереже осы. Жайсыз жұмыстан құтылып, қиын жұмысты бітіріу арқылы, біз күні бойына теңдессіз нәтижелерге қол жеткіземіз. 

Сосын, мұндай ерліктің арты міндетті түрде ерліктерге ұласады.

4. Жұмысты 103 пайызға орындау!

Түстен кейін босаңсымай, асығыс еместерін яғни қиын емес істерді бітіреміз. Әр сәтті саналы оймен сүріп, жұмысты сүйіспеншілікпен атқарған дұрыс. 

Кешкісін істің бәрі тындырылған, жоспар артығымен орындалған, ертеңгісін ұлы мақсаттар ғана күтіп тұр. Жеңістің қуаныш сәтін сезініп, серпілуге болады. Бұл күніңіз сәтті күн болды, сіз оны өз қолыңыздан жасадыңыз. Ал ол дегеніміз – ертеңгілік күн де сіздің қалауыңызбен өтеді деген сөз. 

Себебі, бұл сіздің жетістігіңіз, сіздің өміріңіз. Сіз оны уақыттан ұтып алдыңыз. Енді күліп отырған боларсыз...

сурет: shutterstock.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига